Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды

Дата публикации: 26-06-2026 11:42:00

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.


Основное содержимое страницы с новостью.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президентке халықаралық әскери-патриоттық жиынға қатысушылардың Dubai SWAT Challenge кедергілер жолағының баламасы ретінде жасалған "Айбын" кедергілер жолағымен жүріп өткен сәті және атыс дайындығын пысықтайтын Action Air дайындық алаңы көрсетілді.

Сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие берудің Aibyn App цифрлық платформасы мен колледж кітапханасы таныстырылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы оқу-зертхана кешенін аралап көрді. Мұнда кадеттер елімізде құрастырылған симуляциялық қондырғыларда жаттығады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық "Арлан" брондалған көлігі және ұшқышсыз авиация технологиялары секілді заманауи әскери техникалардың үлгілері көрсетілді.

Президент әскери колледж бастығы Айбек Ғабдраховқа автобус кілтін тапсырды.

Қорғаныс министрлігінің кадет корпусы Президенттің 1996 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен құрылған. 2000 жылы оқу орнына қазақ ғалымы және офицері Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. 2020 жылы Кадет корпусының атауы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж болып ауысты.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Мемлекет басшысы елге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады01012-08-2026
2Президент тапсырмасымен облыстық журналистерге алғаш рет пәтер кілті табысталады5725-06-2026
3Аида Балаева: Журналистиканың басты қағидаты – аудитория сенімі 0328-06-2026
4Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады6725-06-2026
5Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Қасым-Жомарт Тоқаев01012-08-2026
6Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды0527-06-2026
7Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды0527-06-2026
8Президент Аида Балаеваға мемлекеттік саясатты одан әрі күшейтуді тапсырды0503-07-2026
9 Мамандық таңдағанда қазіргі трендке емес, еңбек нарығындағы сұраныс пен жеке қабілетке қарау керек 0501-06-2026
10Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді0526-06-2026

Классификация: Информация. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.