Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Магистратура грантына құжат тапсыру басталды

Дата публикации: 12-08-2026 12:37:00

Оқуға қабылдау 28 тамызда аяқталады. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Магистратураға грант тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Барлығы 58 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу тапсырды. Шекті балл жинағандар грант конкурсына қатыса алады. Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады.

"Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-18 тамыз аралығында ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Яғни, болашақ магистранттарға құжаттарды тапсырудың ыңғайлы тәсілін таңдау мүмкіндігі беріледі", – деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: жеке куәліктің көшірмесі, жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы); КТ сертификаты және шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда).

Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады. Магистратураға түсушілер 11 мыңға жуық мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Магистратураға білім беру гранты иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін Ғылым және жоғары білім министрі Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Болашақ магистранттардың оқуға қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Кореямен бірлескен бағдарлама: студенттер қос диплом иеленеді013.6112-08-2026
2Институт географии АлтГУ запустил новую программу магистратуры0519-08-2025
3Зымыран ұшыруға қатысты 40 ел біріккен мәлімдеме жасады017.7812-08-2026
4В Москве завершен прием заявок на гранты для обучения в творческих вузах0022-08-2025
5В университете "Сириус" ежегодно будут обучаться порядка 3 тыс. студентов0027-04-2021
6Опорный вуз Тюмени планирует выдавать гранты на исследования в арктической магистратуре0026-09-2018
7Прием документов на соискание госпремии имени Г. К. Жукова начнется с августа0015-07-2025
8Мособлдума допустила возможность продлить срок для грантовых исследований до трех лет0019-11-2018
9МТС, МФТИ и СКОЛКОВО набирают студентов в магистратуру "Цифровые технологии в бизнесе"0002-07-2021
10Севастопольский госуниверситет на треть увеличит количество программ обучения0010-10-2018

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 20. Источник: inbusiness.kz.