Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қарағанды хайуанаттар бағында сирек жануарлар төлдеді

Дата публикации: 12-08-2026 11:07:00

Қарағанды хайуанаттар бағында көк аралар алғаш рет балапан шығарды.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Қарағанды хайуанаттар бағында көк аралар алғаш рет балапан шығарды.  

Қарағанды хайуанаттар бағында биыл сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енген жануарлар төлдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кейбір жануарлар мұнда алғаш рет ұрпақ өрбіткен.

Төлдердің қатарында бес айдан асқан амур жолбарыстарының Муфаса мен Киара атты күшіктері бар. Қазір олар анасымен бірге мекендеп, тіршілікке қажетті дағдыларды үйреніп жүр.

Сонымен қатар қазақ жылқылары, түйелер мен понилер екі-екіден төлдеді. Қызыл кітапқа енген нахурлардан, яғни көк қойлардан да төл алынды. Бұдан бөлек, альпака, бұрандалы мүйізді ешкі де лақтады.

Тағы бір маңызды оқиға – сирек кездесетін маймыл түрлерінің өкілі мангобей мен екі ойынпаздың дүниеге келуі.

Хайуанаттар бағында төрт елік, екі як, жеті камерун ешкісі, оннан астам ешкі және 12 қозы дүниеге келген.

Алайда биылғы ең айтулы жаңалықтардың бірі – көк ара тотықұстарының балапан шығаруы. Бұл Қарағанды хайуанаттар бағының тарихында алғаш рет тіркеліп отыр. Үш жылдан астам уақыт бірге мекендеген жұптан туған балапанның жасы шамамен үш ай. Оның жағдайы жақсы, ата-анасының қамқорлығында өсіп жатыр.

Мамандар биыл көк араларды кең жазғы қоршауға көшірген. Соның арқасында құстардың қозғалып, тынығуына арналған кеңістік ұлғайған. Хайуанаттар бағы басшылығы жағдайдың жақсаруы құстардың алғаш рет балапан шығаруына ықпал еткен факторлардың бірі болуы мүмкін екенін атап өтті.

Қазір хайуанаттар бағында басқа да қоршауларды жаңартып, жануарлардың ұстау және азықтандыру жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жұп қалыптастыруға көңіл бөлініп жатыр.

– Жануарлардың төлдеуі өздерін жайлы әрі қауіпсіз сезінетінінің көрсеткіші. Бұл олардың қандай жағдайда ұсталып, қалай азықтандырылатынын ғана емес, биологтарымыздың жануарларға деген қарым-қатынасын да көрсетеді. Сонымен қатар жұп қалыптастыруға да жауаптымыз. Бұл оңай жұмыс емес. Мысалы, сол көк қойларға алдымен ұрғашысын сатып алдық, кейін ұзақ уақыт бойы еркегін іздедік. Жалпы, хайуанаттар бағының басшысы ретінде жануардың бізде жалғыз мекендегенін қаламаймын, – деп атап өтті Гүлнара Адамбекова.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Алматыда тұрғындарға ыңғайлы жаңа баспалдақтар салынды07.5112-08-2026
2Қазақстанда бір күнде 3 орман өрті тіркелді0527-06-2026
3Қазақстандықтар әртістік жүзуден әлем чемпионатында бақ сынайды015.2612-08-2026
4Көршінің алпауыт құрылыс компаниясы Қазақстан иелігіне көшті01012-08-2026
5Бурабайда өрт қаупіне байланысты тауларға шығуға тыйым салынды012.2212-08-2026
6Сауда құлдырады: қазақстандықтар жаппай ақша үнемдей бастады-2504-07-2026
7"Басқалар ішпес үшін төгейік". Қырғызстандағы арақ төгу челленджі: Ақша шашу ма әлде жамандықпен күрес пе?08.4608-08-2026
8Түркістан облысында өрт кезінде 2 газ баллоны қауіп төндірді021.1612-08-2026
9Els segadors euskaraz0022-11-2017
10Шымкентте есірткі өсіретін жасырын зертхана анықталды014.3912-08-2026

Классификация: В стране. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 6.4. Источник: inbusiness.kz.