Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Ақтау аспанынан байқалған жойғыш ұшақ пен дрон: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Дата публикации: 12-08-2026 09:23:00

Куәгерлер 11 тамыз күні кешке әскери Су-27 жойғыш ұшағын видеоға түсірген.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Куәгерлер 11 тамыз күні кешке әскери Су-27 жойғыш ұшағын видеоға түсірген.  

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Маңғыстау облысының аспанынан байқалған әскери авиацияның кадрлары тарады. Жағдайға ҚР Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап. 

Сол кеште Ақшұқыр ауылының үстінен ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) да байқалған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол әуежай жақтан Ақтау бағытына қарай қозғалған.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, авиацияның белсенділігі ауқымды әскери оқу-жаттығуларға дайындықпен байланысты.

"Бұған дейін азаматтарға 2026 жылғы тамыз-қыркүйек айларында "Батыл тойтарыс – 2026" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтетіні туралы хабарланған болатын. Дайындық аясында қару-жарақ, әскери техника мен жеке құрамды жауынгерлік даярлық аудандарына жеткізу жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады ведомство.

Әскерлерді тасымалдау аралас тәсілмен жүзеге асырылады: теміржол эшелондары, автоколонналар және армиялық авиация тартылады.

Оқу-жаттығулар еліміздің барлық аумағындағы оқу полигондарын қамтиды. Әскери қызметшілер құрлықта, әуеде, теңізде және киберкеңістікте түрлі міндеттерді орындау мен әскер түрлері арасындағы өзара іс-қимылды пысықтайды.

Ведомство барлық іс-шаралардың жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын және Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығын арттыруға, сондай-ақ оларды қолданудың заманауи тәсілдерін пысықтауға бағытталғанын атап өтті.

Азаматтарды сабыр сақтауға, ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға және жалған ақпарат таратпауға шақырды. Сондай-ақ жалған мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Су-27 поднимался в воздух в связи с появлением бомбардировщика США у госграницы России0024-09-2020
2Қазақстанда құлаған дрондардың қайдан келгенін арнайы комиссия тексеріп жатыр 09.808-04-2026
3Истребитель Су-27 пропал с экранов радаров над Черным морем0025-03-2020
4ВКС России сбили украинский Су-270029-04-2025
5Российский Су-27 вылетал на перехват самолета RC-135 ВВС Великобритании над Черным морем0016-09-2020
6Истребитель Су-27 вылетал на перехват американского самолета-разведчика над Черным морем0009-09-2020
7Минобороны показало видео слежения за британским эсминцем, нарушившим госграницу России0023-06-2021
8Минобороны показало кадры полета "Охотника" с истребителем Су-30СМ0016-08-2019
9Истребитель Су-27 заставил удалиться самолет-разведчик США от границ РФ0007-03-2019

Классификация: Армия и ОПК. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 13.45. Источник: inbusiness.kz.