Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Астанада 1700 адам қатысатын жаппай жүгіру жарысы өтеді

Дата публикации: 11-08-2026 12:14:00

6,2 шақырымдық жарысқа қатысу тегін, ал үздіксіз тіркелгендер арасында 10 велосипед ойнатылады.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

6,2 шақырымдық жарысқа қатысу тегін, ал үздіксіз тіркелгендер арасында 10 велосипед ойнатылады.  

Астанада 15 тамыз – Спорт күніне орай "ALMATY RUN" жаппай жүгіру жарысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында өтетіні елорда әкімдігінің ресми сайтында жазылды.

Жарыстың негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын спортпен тұрақты айналысуға тарту.

Жарыс Триатлон саябағында өтеді. Қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықты бағындырады. Жүгіру сағат 08:00-де басталады.

Қатысу тегін. Онлайн тіркеу 12 тамызда сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында ашылады. Қатысушылар саны 1700 адаммен шектеледі. Лимитке жеткен соң тіркеу автоматты түрде тоқтатылады.

15 тамыз күні сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін тіркелген қатысушыларға жарыс басталатын жерде лотерея билеттері таратылады.

Жарыс алдында танымал спортшының қатысуымен жалпы дене қыздыру жаттығуы өтеді. Ал спорттық бағдарлама аяқталған соң қатысушылар арасында 10 велосипед ойнатылады.

Іс-шараны Астана әкімдігі, елорданың Алматы ауданының әкімдігі және қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдайды.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Ақсу өңірінде мал жаю ережесін бұзған 200-ден астам адам жазаланды09.2512-08-2026
2Қазақстанда жүк көліктеріне сұраныс артты: импорт 6,5 есеге өскен023.2812-08-2026
3Бүгін Алматыда жер сілкінді016.5312-08-2026
4Қазақстандықтар әртістік жүзуден әлем чемпионатында бақ сынайды015.2612-08-2026
5В Астане задержали участников незаконной акции, нарушавших правопорядок0026-11-2022
6Первый полет беспилотного аэротакси с пассажирами состоялся в Астане010.2906-08-2026
7В Астане впервые состоялся полет аэротакси01024-07-2026
8Объем велопроката в Москве с начала года сравнялся со всем 2017 годом0019-07-2019
9Велопрогулки по Бульварному кольцу стали наиболее популярными в Москве0006-07-2020

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 25. Источник: inbusiness.kz.