Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Ирандағы соғыс салдарынан Трамптың рейтингі төмендей бастады

Дата публикации: 11-08-2026 06:35:00

АҚШ халқының 33 пайызы ғана Иранға қарсы соғысты қолдайтынын айтқан. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Шілдеде Иранмен арадағы қақтығыс ушығып, екі аптаға жуық уақыт бойы шабуыл жалғасқаннан кейін АҚШ президенті Дональд Трамптың рейтингі тағы да төмендеді. RealClearPolitics саралаған бірнеше сауалнаманың ортақ көрсеткішіне сәйкес, америкалықтардың 38,9 пайызы ғана Трамптың президент ретіндегі қызметін қолдайды. Тағы 58,5 пайызы оның жұмысына көңілі толмайтынын білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сауалнама нәтижелері Иранмен қақтығыс күшейген сайын Трамптың рейтингі де төмендеп келе жатқанын көрсетіп отыр. АҚШ тұрғындарының 33 пайызы ғана Иранға қарсы соғысты қолдайтынын білдірген. Трамп әкімшілігінің әскери қақтығысты тоқтатып, Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіруге бағытталған әрекеттері де сынға ұшырап отыр.

Соғыс салдарынан жанармай бағасы бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 38 пайызға өскен. MAGA ("Make America Great Again")  қозғалысын жақтаушылардың әр бесіншісі соғыстың тезірек аяқталғанын қалайды.

БАҚ-тың жазуынша, Трамптың рейтингінің төмендеуі алдағы уақытта оның саяси ықпалын әлсіретуі мүмкін. Бұл Республикалық партияның көрсеткіштеріне де әсер етіп отыр. Сауалнамға сәйкес, демократиялық партияны сайлаушылардың 48,3 пайызы қолдаса, республикалық партияға 41,1 пайызы дауыс беруге дайын. Егер бұл үрдіс сақталса, демократтар Конгресстің Өкілдер палатасы мен Сенатында басымдыққа ие болуы мүмкін. 

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1В Совфеде объяснили рекордно падение рейтинга Трампа110.3518-08-2026
2Трамп заявил, что США очень скоро нанесут поражение Ирану0215-07-2026
3La guerra de Irán hunde a Trump antes de unas elecciones cruciales-5704-05-2026
4Amerikaner wenden sich von Trump ab – Umfragewerte fallen weiter-2716-07-2026
5«Такое ощущение, что нас кинули» // Трамп передумал атаковать Иран и объявил о скорых переговорах: реакция мировых СМИ07.9603-08-2026
6Трамп заявил, что США разрушают Иран беспрецедентными темпами0521-07-2026
7Трамп обвинил руководство Ирана в двуличии07.3503-08-2026
8Трамп заявил о запросе Ирана на встречу с США06.1227-07-2026
9Трамп выразил уверенность в скорой победе над Ираном0517-07-2026
10Трамп заявил, что «Иран полностью разорён»03.7310-08-2026

Классификация: Международные. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 15.88. Источник: inbusiness.kz.