Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

91 жастағы Энрике Макайя Маркес – әлемдік спорт журналистикасының тірі аңызы

Дата публикации: 15-07-2026 18:23:13

91 жастағы аргентиналық спорт журналисі Энрике Макайя Маркес әлемдік спорт журналистикасының ең танымал тұлғаларының бірі саналады. Ол жетпіс жылға жуық уақыт бойы жер шарындағы ең ірі футбол турнирін тұрақты түрде жариялап келеді және 1958 жылдан бері өткен бірде-бір футболдан әлем чемпионатын жіберген емес. Энрике алғаш рет әлем чемпионатына 1958 жылы, Швецияда өткен мундиальге барған. Ол
The post 91 жастағы Энрике Макайя Маркес – әлемдік спорт журналистикасының тірі аңызы first appeared on Мінбер - Ақпарат агенттігі.

Основное содержимое страницы с новостью.

91 жастағы аргентиналық спорт журналисі Энрике Макайя Маркес әлемдік спорт журналистикасының ең танымал тұлғаларының бірі саналады. Ол жетпіс жылға жуық уақыт бойы жер шарындағы ең ірі футбол турнирін тұрақты түрде жариялап келеді және 1958 жылдан бері өткен бірде-бір футболдан әлем чемпионатын жіберген емес.

Энрике алғаш рет әлем чемпионатына 1958 жылы, Швецияда өткен мундиальге барған. Ол кезде жол жүру бүгінгідей оңай болмаған. Аргентинадан ұшақпен шамамен 30 сағат жол жүріп, кейін Германия арқылы пойызбен және автобуспен қатынаған. Одан соң Дания мен Швецияға жету үшін екі бірдей паромға мінуге тура келген.

Содан бері Энрике Макайя Маркес футболдан өткен әр әлем чемпионатынан үздіксіз хабар таратып келеді. Ол өз көзімен Пеленің үш мәрте әлем чемпионы атанғанын көрді, 1986 жылы Аргентина құрамасының жеңісінен кейін Диего Марадонадан чемпиондық сұхбат алды, ал 2022 жылы Лионель Мессидің көптен күткен әлем чемпионы атанған сәтін де халыққа жеткізді.

Әлем чемпионаттарында талай тарихи командаларды көрген тәжірибелі журналист барлық уақыттағы ең үздік ұжым ретінде 1974 жылғы Нидерланд құрамасын атайды. Оның пікірінше, дәл сол команда заманауи футболдың даму бағытын түбегейлі өзгерткен.

Бүгінде 91 жасында Энрике Макайя Маркес өзінің 18-ші әлем чемпионатында жұмыс істеп жүр. Ол денсаулығы мен күш-қуаты мүмкіндік бергенше, әлем футболының басты додаларынан хабар таратуды жалғастыра беретінін айтып келеді.

Түгелбай Бисен

фото: championat_com парақшасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Бір хаттың тарихы: Энцо Фернандестің арманы қалай ақиқатқа айналды?09.0219-07-2026
2Кеше ғана кумирі еді. Бүгін – қарсыласы09.9617-07-2026
3Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында 6-орын алды09.5814-08-2026
4Μουντιάλ 2026: Το επικό ντελίριο Αργεντινού εκφωνητή που έγινε viral στο γκολ ισοφάρισης του Μέσι8608-07-2026
5Тарихи жетістік! Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден әлем чемпионы атанды06.7130-07-2026
6Mondial-2026: et à la fin, c’est Messi et l’Argentine qui gagnent07.0416-07-2026
7Игрок «Манчестер Сити» Жереми Доку высказался о стиле игры Энцо Марески06.5214-08-2026
8🏆 Футбольный вечер выдался огненным! Ну что, любители футбола, выдохнули ...7720-07-2026
9Макаров: первая в карьере медаль ЧЕ стала огромным достижением для бобслеиста Гайтюкевича0010-01-2021

Классификация: Спорт. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 8.13. Источник: www.minber.kz.