Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Әлем кубогіндегі тарихи заңдылық: легионер бапкер чемпион атана ала ма?

Дата публикации: 15-07-2026 18:04:01

  2026 жылғы футболдан әлем кубогі шешуші кезеңіне аяқ басқан сайын, жанкүйерлер назарын аударған қызықты тарихи дерек қайтадан талқыға түсті. Әлем чемпионаттарының тарихында әлі күнге дейін өзгермеген екі маңызды заңдылық бар. Біріншісі – өз туған еліне қарсы плей-офф кезеңінде шыққан бірде-бір бас бапкер жеңіске жете алмаған. Екіншісі – шетелдік, яғни легионер бапкер ешқашан әлем чемпионы
The post Әлем кубогіндегі тарихи заңдылық: легионер бапкер чемпион атана ала ма? first appeared on Мінбер - Ақпарат агенттігі.

Основное содержимое страницы с новостью.

2026 жылғы футболдан әлем кубогі шешуші кезеңіне аяқ басқан сайын, жанкүйерлер назарын аударған қызықты тарихи дерек қайтадан талқыға түсті. Әлем чемпионаттарының тарихында әлі күнге дейін өзгермеген екі маңызды заңдылық бар. Біріншісі – өз туған еліне қарсы плей-офф кезеңінде шыққан бірде-бір бас бапкер жеңіске жете алмаған. Екіншісі – шетелдік, яғни легионер бапкер ешқашан әлем чемпионы атанбаған.

ЖЕТІ КЕЗДЕСУДІҢ ЖЕТЕУІ ДЕ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ БҰЗБАДЫ

Әлем кубогі тарихында бас бапкер өз туған еліне қарсы плей-офф кезеңінде жеті рет матч өткізген. Алайда осы жеті жағдайдың ешқайсысында ол қарсыласын жеңіп, келесі кезеңге өте алған жоқ. Бұл көрсеткіштің өзі тарихи заңдылықтың қаншалықты берік екенін аңғартады.

ЛЕГИОНЕР БАПКЕРЛЕР ҮШІН АЛЫНБАС ҚАМАЛ

Әлем чемпионатының осыған дейін өткен 22 турнирінің барлығында чемпион атанған құрамаларды өз елінің мамандары жаттықтырған. Яғни әлем кубогін бірде-бір шетелдік бапкер жеңіп көрмеген.

Тіпті әлем чемпионатының финалына дейін жеткен құрамалардың арасында да легионер бапкерлер өте сирек кездеседі. Мұндай жетістікке тек екі маман ғана қол жеткізген.

1958 жылғы әлем чемпионатында Швеция құрамасын ағылшын маманы Джордж Рейнор финалға дейін жеткізіп, команда күміс жүлдеге ие болды.

Ал 1978 жылғы мундиалда Нидерланд құрамасын австриялық Эрнст Хаппель жаттықтырып, команда тағы да күміс медальмен шектелді.

Осыдан кейін бірде-бір шетелдік бапкер өз командасын әлем чемпионатының финалына шығара алған жоқ.

ТУХЕЛЬ ТАРИХИ РЕКОРДТЫ БҰЗА АЛА МА?

2026 жылғы әлем кубогінің плей-офф кезеңіне бес шетелдік бапкер бастаған құрама жолдама алған болатын. Алайда жарыс барысында олардың басым бөлігі турнирмен қош айтысты.

Қазіргі таңда жартылай финалға дейін жеткен жалғыз легионер бапкер – Англия құрамасының тізгінін ұстаған неміс маманы Томас Тухель.

Егер Англия әлем чемпионы атанса, Тухель бірден тарихи заңдылықты бұзатын бапкер ретінде параққа енбек. Біріншіден, ол әлем чемпионатын жеңген тұңғыш шетелдік бапкер атанады.

Ал егер Англия чемпиондыққа жете алмаса, онда әлем футболындағы ең ұзақ сақталған дәстүрлердің бірі тағы да өз күшінде қалады.

2026 жылғы әлем кубогінің соңғы матчтары бұл тарихи үрдістің жалғасатынын немесе жаңа дәуірдің басталатынын анықтайды.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Алматыда Го ойынының «Kunanbayev Cup – 2026» халықаралық турнирі басталды011.7217-07-2026
2Тарихи жетістік! Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден әлем чемпионы атанды06.7130-07-2026
3Астанада «Болашақ ойындары – 2026» өтеді014.2204-06-2026
4Астанада "Qazaqstan Barysy 2026" супертурнирі басталды018.9515-08-2026
5Боз кілемдегі тартыс: Qazaqstan Barysy-2026 атағы кімге бұйырады?011.1814-08-2026
6Что дальше ждёт "Кайрат" после вылета из Лиги чемпионов05.9711-08-2026
7Тоқаев "Qazaqstan Barysy – 2026" жеңімпазын құттықтады014.9516-08-2026
8"Кайрат" узнал плохие новости по Лиге чемпионов08.8611-08-2026
9Астанадағы "Болашақ ойындары – 2026" – инфографика019.9313-08-2026
10"Астана", "Окжетпес", "Актобе" или "Елимай" - кто займёт третье место в КПЛ-2026?010.3610-08-2026

Классификация: Спорт. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 8.26. Источник: www.minber.kz.