Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Нұрайдың өлімі: күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Дата публикации: 13-08-2026 14:37:47

Марқұм абоненттік номерін басқа номерге ауыстырғанына қарамастан, сотталушы жаңа абоненттік номерін анықтап, жәбірленушіге тағы да көп рет қоңырау соққан

Основное содержимое страницы с новостью.

https://sputnik.kz/20260813/nuraydyn-olimi-kudikti-omir-boyyna-bas-bostandygynan-ayyryldy-65699349.html

Нұрайдың өлімі: күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Нұрайдың өлімі: күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Sputnik Қазақстан

Марқұм абоненттік номерін басқа номерге ауыстырғанына қарамастан, сотталушы жаңа абоненттік номерін анықтап, жәбірленушіге тағы да көп рет қоңырау соққан 13.08.2026, Sputnik Қазақстан

2026-08-13T19:37+0500

2026-08-13T19:37+0500

2026-08-14T10:22+0500

шымкент

пышақтап өлтірді

сот үкімі

https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15070995_0:63:1201:738_1920x0_80_0_0_0c141bdaa5b679419a1e1e581dd0cb20.jpg

АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Шымкентте Нұрай Серікбайды асқан қатыгездікпен өлтірген ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.Қылмыстық іс ҚК-нің 125-1-бабының 1-бөлігі (некеге тұруға мәжбүрлеу), 115-1-бабы (сталкинг-адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнату, аңду), 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен (аса қатыгездікпен адам өлтіру) баптары бойынша қаралды.35 рет пышақтағанСотта анықталғандай, 2025 жылғы 4 қазанда сотталушы Нұрай Серікбайды Алматы қаласынан Шымкент қаласы бағытында автокөлігімен алып кеткен. Сотталушы жәбірленушіге "қарсыласқан жағдайда немесе басқа да әрекет жасайтын болсаң екеуміз жол-көлік апатына түсеміз" деп қорқытқан. Осылайша оны Шымкент қаласындағы үйіне алып келіп, жәбірленушінің қарсылығына қарамай, қолындағы ұялы телефонын тартып алған және еркінен тыс некеге тұруға мәжбүрлеген. Алайда сол күні жәбірленушінің ағасы қарындасы өз еркімен келмегенін біліп, оны алып кеткен.2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкент қаласында сотталушы Нұрайға саябаққа серуендеп келу туралы ұсыныс жасаған. Марқұм бұл ұсыныстан бас тартқан. Бірақ сотталушы бұл жауапқа намыстанып, Нұрайға алдын ала дайындап келген пышақпен соққы жасаған. Сол кезде ол оқиға орнына келген адамды байқап, өзінің іс-әрекетін тоқтатып, 5-6 метр жерге дейін қашып кеткен. Алайда оқиға орнына қайтып келіп, жерде жатқан Нұрайды куәнің көзінше қайтадан көп рет пышақтаған. Сонымен сотталушы марқұмды жалпы 35 рет пышақтаған.Сот үкіміПрокурор сотталушыға түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші прокурордың ұстанымымен келісті.Сотталушы өзінің іс-әрекетін ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне қайта саралап, ең төменгі жаза тағайындауды, ал ҚК-нің 125-1-бабының 1-бөлігімен және 115-1-бабымен ақтауды сұраған.Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады.Жәбірленушің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян ретінде 25 млн және адвокаттың қызметі үшін 5 млн теңге өндірді.Үкім заңды күшіне енген жоқ.

https://sputnik.kz/20260430/nuraydyn-olimine-qatysty-kudiktinin-aqyl-esi-durys-dep-tanyldy-63095238.html

шымкент

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

2026

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

Жаңалықтар

kk_KK

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15070995_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_be26900cbf0a3ce4f62c48163b317c78.jpg

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

шымкент, пышақтап өлтірді, сот үкімі

шымкент, пышақтап өлтірді, сот үкімі

Нұрайдың өлімі: күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

19:37 13.08.2026 (жаңартылды: 10:22 14.08.2026)

Марқұм абоненттік номерін басқа номерге ауыстырғанына қарамастан, сотталушы жаңа абоненттік номерін анықтап, жәбірленушіге тағы да көп рет қоңырау соққан

АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Шымкентте Нұрай Серікбайды асқан қатыгездікпен өлтірген ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.

Қылмыстық іс ҚК-нің 125-1-бабының 1-бөлігі (некеге тұруға мәжбүрлеу), 115-1-бабы (сталкинг-адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнату, аңду), 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен (аса қатыгездікпен адам өлтіру) баптары бойынша қаралды.

35 рет пышақтаған

Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 4 қазанда сотталушы Нұрай Серікбайды Алматы қаласынан Шымкент қаласы бағытында автокөлігімен алып кеткен. Сотталушы жәбірленушіге "қарсыласқан жағдайда немесе басқа да әрекет жасайтын болсаң екеуміз жол-көлік апатына түсеміз" деп қорқытқан. Осылайша оны Шымкент қаласындағы үйіне алып келіп, жәбірленушінің қарсылығына қарамай, қолындағы ұялы телефонын тартып алған және еркінен тыс некеге тұруға мәжбүрлеген. Алайда сол күні жәбірленушінің ағасы қарындасы өз еркімен келмегенін біліп, оны алып кеткен.

"2025 жылдың қазан-қараша айларының аралығында сотталушы жәбірленушінің Алматы қаласында уақытша жалдап тұрған пәтеріне және Шымкент қаласындағы орналасқан үйіне бірнеше рет іздеп барып, аңдып, оған телефонына бірнеше рет қоңырау соғып, онымен еркінен тыс қарым-қатынас жасауға тырысқан. Жәбірленуші абоненттік номерін басқа номерге ауыстырғанына қарамастан, сотталушы жаңа абоненттік номерін анықтап, жәбірленушіге тағы да көп рет қоңырау соққан", - деп хабарлады сотта.

2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкент қаласында сотталушы Нұрайға саябаққа серуендеп келу туралы ұсыныс жасаған. Марқұм бұл ұсыныстан бас тартқан. Бірақ сотталушы бұл жауапқа намыстанып, Нұрайға алдын ала дайындап келген пышақпен соққы жасаған. Сол кезде ол оқиға орнына келген адамды байқап, өзінің іс-әрекетін тоқтатып, 5-6 метр жерге дейін қашып кеткен. Алайда оқиға орнына қайтып келіп, жерде жатқан Нұрайды куәнің көзінше қайтадан көп рет пышақтаған. Сонымен сотталушы марқұмды жалпы 35 рет пышақтаған.

Сот үкімі

Прокурор сотталушыға түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші прокурордың ұстанымымен келісті.

Сотталушы өзінің іс-әрекетін ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне қайта саралап, ең төменгі жаза тағайындауды, ал ҚК-нің 125-1-бабының 1-бөлігімен және 115-1-бабымен ақтауды сұраған.

Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

"Сот А.-ны ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағымен, 125-1-бабының 1-бөлігімен және 115-1-бабымен кінәлі деп танып, оған қылмыстар жиынтығымен түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады", - дейді сотта.

Жәбірленушің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян ретінде 25 млн және адвокаттың қызметі үшін 5 млн теңге өндірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2026

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қазақстандықтарға электронды цифрлық қолтаңбаларға қатысты жаңа алаяқтық туралы ескертілді07.7415-08-2026
2Ұлытауда 1 млрд теңгенің марганец кенін заңсыз өндіргендер ұсталды021.7614-08-2026
3"Үстіне топырақ тастаған": баласын өлтірген бойжеткен сотталды01014-08-2026
4Бюллетеньді алған кім? Құқық қорғаушының орнына басқа адам дауыс берген 012.6417-03-2026
5Екібастұзда ер адам полиция бөлімшесінде көз жұмды01014-08-2026
6 Comment on «Ордабасы» көш бастады, «Қайрат» жеңілді: 12-турдың талдау және екі тренердің пікірі by Бақытбек 013.3329-05-2026
7Астанада Есіл өзенінен ер адам құтқарылды06.9416-08-2026
8 Comment on Астанада тегін қазақ тілі курсына тіркелу басталады by Шаридияр 010.3215-06-2026
9"Атажұрт" белсендісі отырған камерада төбелес болғаны хабарланды. Түрме әкімшілігі жоққа шығарды09.3820-03-2026

Классификация: Урал. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 8.57. Источник: sputnik.kz.