Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Құрылтай сайлауынан кейін қандай өзгерістер болады

Дата публикации: 20-08-2026 16:10:00

Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады

Основное содержимое страницы с новостью.

https://sputnik.kz/20260820/quryltay-saylauynan-keyin-qanday-ozgerister-bolady-65887658.html

Құрылтай сайлауынан кейін қандай өзгерістер болады

Құрылтай сайлауынан кейін қандай өзгерістер болады

Sputnik Қазақстан

Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады 20.08.2026, Sputnik Қазақстан

2026-08-20T21:10+0500

2026-08-20T21:10+0500

2026-08-20T21:10+0500

құрылтай сайлауы - 2026

құрылтай

https://sputnik.kz/img/07ea/07/16/65087438_0:740:1920:1820_1920x0_80_0_0_074f607ed60a5c890b98e0fb6f7f1b09.jpg

АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. 23 тамызда қазақстандықтар тағы бір маңызды таңдау жасайды. Қайта құрылатын бір палаталы парламент – Құрылтай депутаттығына үміткерлер үшін дауыс беріледі. Sputnik Қазақстан Құрылтай сайлауынан кейін қандай өзгерістер болатынын зерделеп шықты.Құрылтайға кім депутат болады?Бұған дейін екі палаталы Парламентте Мәжілістің 98 және Сенаттың 50 депутатын қоса алғанда, барлығы 148 депутат болды. Құрылтайда 145 депутат жұмыс істейді. Осылайша, депутаттар саны үш адамға ғана қысқарады. Алайда Парламенттің жұмысы түбегейлі өзгереді.Енді халыққа қажетті заңдар Мәжіліс пен Сенатта бөлек қаралмайды. Бұған дейін әр палата заң жобасын екі оқылымда, яғни жалпы төрт оқылымда мақұлдаса, Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады."Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботаревтың айтуынша, болашақ депутаттардың кәсіби деңгейі жоғары болса, қабылданатын заңдардың сапасы да жоғары болады. Мәселен, "Әділет" партиясы ұсынған партиялық тізімде жаңа адамдар көп. Олардың арасында "Әділет" партиясының да, бұрынғы AMANAT партиясының да өкілдері бар.Сарапшының пікірінше, партиялық тізімдерге енген танымал бизнесмендер Құрылтайға бармауы мүмкін. Себебі олардың басқа да шаруалары бар. Ал саяси тәжірибесі бар азаматтар мен сарапшылардың Парламентке өту мүмкіндігі жоғары."Сосын партиялық тізімдерде мемлекеттік қызметшілер де бар. Олар үкіметтің жаңа құрамы жасақталған кезде өз қызметін босатып, Құрылтайға баруы мүмкін немесе үкімет құрамында қалуы мүмкін", – деп атап өтті Чеботарев.Алдымен кадрлық мәселелер шешіледіҚұрылтай құрылғаннан кейін депутаттар алдымен кадрлық мәселелерді шешуі керек.Сарапшының айтуынша, Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралғанымен, оларды бұрынғыдай бір адамдар қарайды. Сондықтан заң жобаларын қабылдау үдерісі жылдамырақ болуы мүмкін.Ал бір палаталы Парламентке өткен партиялар бұрынғыдай өз жұмысын жалғастыра береді. Сарапшының пікірінше, оппозициялық блоктың құрылуы екіталай.Құрылтайдағы көпшілік пен оппозиция"Құрылтай және депутаттардың мәртебесі туралы" конституциялық заңда бір палаталы Парламенттегі көпшілік пен оппозицияның нақты анықтамасы берілген.Құрылтайдағы көпшілік – депутаттық мандаттардың ең көп санын алған саяси партия. Ал Құрылтайдағы көпшілікке кірмейтін және, әдетте, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелер бойынша көпшілік партиядан өзгеше ұстанымдағы саяси партия немесе саяси партиялар оппозицияға жатады.Оппозиция не істей алады?Құрылтайдағы оппозиция өз депутаттарының арасынан комитет төрағалары мен олардың орынбасарлары лауазымдарына кандидатуралар ұсынуға құқылы.Құрылтай комитеттерінің бірінің төрағасы мен екі комитет төрағасының орынбасары оппозиция ұсынған депутаттар арасынан сайланады.Сондай-ақ оппозиция бір сессия барысында кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізуге бастамашы бола алады.Заң бойынша Құрылтайда сегізден артық комитет құруға болмайды.Әдеп жөніндегі кеңес те боладыҚұрылтайдың тағы бір жаңалығы – депутаттық әдеп жөніндегі кеңес. Бұл орган Құрылтай төрағасының жанынан құрылады.Кеңес депутаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы және онлайн-платформалардағы сұхбаттарын, мақалаларын және басқа да жария сөздерін депутаттық әдеп қағидаларын бұзу белгілерінің бар-жоғына қарайды. Сондай-ақ депутаттардың мінез-құлқына қатысты жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды.Депутаттық әдеп қағидалары бұзылған жағдайда, кеңес Құрылтай төрағасына тиісті жазалау шараларын қолдану жөнінде ұсыныс енгізеді.

https://sputnik.kz/20260820/quryltay-saylauy-aldynda-zheti-sayasi-partiyanyn-negizgi-teledebaty-qalay-otti-65864577.html

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

2026

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

Жаңалықтар

kk_KK

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

https://sputnik.kz/img/07ea/07/16/65087438_0:560:1920:2000_1920x0_80_0_0_1e6ccaa31476b0d6ebfa9360b0c08a8c.jpg

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

құрылтай

Құрылтай сайлауынан кейін қандай өзгерістер болады

Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады

АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. 23 тамызда қазақстандықтар тағы бір маңызды таңдау жасайды. Қайта құрылатын бір палаталы парламент – Құрылтай депутаттығына үміткерлер үшін дауыс беріледі. Sputnik Қазақстан Құрылтай сайлауынан кейін қандай өзгерістер болатынын зерделеп шықты.

Құрылтайға кім депутат болады?

Бұған дейін екі палаталы Парламентте Мәжілістің 98 және Сенаттың 50 депутатын қоса алғанда, барлығы 148 депутат болды. Құрылтайда 145 депутат жұмыс істейді. Осылайша, депутаттар саны үш адамға ғана қысқарады. Алайда Парламенттің жұмысы түбегейлі өзгереді.

Енді халыққа қажетті заңдар Мәжіліс пен Сенатта бөлек қаралмайды. Бұған дейін әр палата заң жобасын екі оқылымда, яғни жалпы төрт оқылымда мақұлдаса, Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады.

"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботаревтың айтуынша, болашақ депутаттардың кәсіби деңгейі жоғары болса, қабылданатын заңдардың сапасы да жоғары болады. Мәселен, "Әділет" партиясы ұсынған партиялық тізімде жаңа адамдар көп. Олардың арасында "Әділет" партиясының да, бұрынғы AMANAT партиясының да өкілдері бар.

"Бұрынғы депутаттардың барлығы AMANAT-тың өкілдері ғой. Меніңше, олардың басым бөлігі Құрылтайға өтеді. Себебі ондай адамдар болмаса, жаңадан келгендер жұмысты бірден алып кете алмайды", – дейді Чеботарев.

Сарапшының пікірінше, партиялық тізімдерге енген танымал бизнесмендер Құрылтайға бармауы мүмкін. Себебі олардың басқа да шаруалары бар. Ал саяси тәжірибесі бар азаматтар мен сарапшылардың Парламентке өту мүмкіндігі жоғары.

"Сосын партиялық тізімдерде мемлекеттік қызметшілер де бар. Олар үкіметтің жаңа құрамы жасақталған кезде өз қызметін босатып, Құрылтайға баруы мүмкін немесе үкімет құрамында қалуы мүмкін", – деп атап өтті Чеботарев.

Алдымен кадрлық мәселелер шешіледі

Құрылтай құрылғаннан кейін депутаттар алдымен кадрлық мәселелерді шешуі керек.

"Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында мемлекет басшысы өз Жолдауын жасағаннан кейін вице-президенттің кандидатурасын ұсынуы мүмкін. Одан кейін Конституцияға сәйкес үкіметтің жаңа құрамы жасақталуға тиіс. Артынша Конституциялық және Жоғары соттардың судьялары тағайындалады. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері де бар. Осыдан кейін Құрылтай өзінің негізгі функциясына кіріседі", – деп атап көрсетті Чеботарев.

Сарапшының айтуынша, Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралғанымен, оларды бұрынғыдай бір адамдар қарайды. Сондықтан заң жобаларын қабылдау үдерісі жылдамырақ болуы мүмкін.

Ал бір палаталы Парламентке өткен партиялар бұрынғыдай өз жұмысын жалғастыра береді. Сарапшының пікірінше, оппозициялық блоктың құрылуы екіталай.

Құрылтайдағы көпшілік пен оппозиция

"Құрылтай және депутаттардың мәртебесі туралы" конституциялық заңда бір палаталы Парламенттегі көпшілік пен оппозицияның нақты анықтамасы берілген.

Құрылтайдағы көпшілік – депутаттық мандаттардың ең көп санын алған саяси партия. Ал Құрылтайдағы көпшілікке кірмейтін және, әдетте, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелер бойынша көпшілік партиядан өзгеше ұстанымдағы саяси партия немесе саяси партиялар оппозицияға жатады.

"Құрылтайдағы оппозиция жекелеген мәселелер бойынша Құрылтайдағы көпшілік партиясын қолдауы мүмкін. Саяси партияның фракциясы Құрылтайдағы қай оппозицияға жататынын тіркеу кезінде көрсетеді", – делінген заңда.

Оппозиция не істей алады?

Құрылтайдағы оппозиция өз депутаттарының арасынан комитет төрағалары мен олардың орынбасарлары лауазымдарына кандидатуралар ұсынуға құқылы.

Құрылтай комитеттерінің бірінің төрағасы мен екі комитет төрағасының орынбасары оппозиция ұсынған депутаттар арасынан сайланады.

Сондай-ақ оппозиция бір сессия барысында кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізуге бастамашы бола алады.

Заң бойынша Құрылтайда сегізден артық комитет құруға болмайды.

Әдеп жөніндегі кеңес те болады

Құрылтайдың тағы бір жаңалығы – депутаттық әдеп жөніндегі кеңес. Бұл орган Құрылтай төрағасының жанынан құрылады.

Кеңес депутаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы және онлайн-платформалардағы сұхбаттарын, мақалаларын және басқа да жария сөздерін депутаттық әдеп қағидаларын бұзу белгілерінің бар-жоғына қарайды. Сондай-ақ депутаттардың мінез-құлқына қатысты жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды.

Депутаттық әдеп қағидалары бұзылған жағдайда, кеңес Құрылтай төрағасына тиісті жазалау шараларын қолдану жөнінде ұсыныс енгізеді.

Құрылтай сайлауы алдындағы жеті саяси партияның негізгі теледебаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2026

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Бүгін - Құрылтай сайлауы алдындағы тыныштық күні01022-08-2026
2ҰҚШҰ ПА бақылаушылары Құрылтай сайлауына дайындықты бағалады01521-08-2026
3Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар013.7821-08-2026
4Алматының үш ауданында жарық өшіп қалды015.6220-08-2026
5Найзағай, жаңбыр және бұршақ: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады07.2321-08-2026
6Тоқаев: Бұл сайлау ең тартысты науқандардың бірі ретінде есте қалады09.1121-08-2026
7Құрылтай депутаттарының төсбелгісі алтыннан жасалмайды – ОСК төрағасы07.7921-08-2026
8Шымкентте жасөспірімді пышақтап кетті01021-08-2026
9В школах Казахстана вводят важные изменения: что ждет учеников07.3528-07-2026
10Зейнетақы қоры бұл сақтандыру қоры5716-06-2026

Классификация: В стране. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 10. Источник: sputniknews.kz.