Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қазақстандықтар ақшасын қандай депозитке салғанды жөн көреді

Дата публикации: 19-08-2026 17:16:00

Депозиттер көлемі 30 триллион теңгеден асты

Основное содержимое страницы с новостью.

https://sputnik.kz/20260819/qazaqstandyqtar-aqshasyn-qanday-depozitke-salgandy-zhon-koredi-65834998.html

Қазақстандықтар ақшасын қандай депозитке салғанды жөн көреді

Қазақстандықтар ақшасын қандай депозитке салғанды жөн көреді

Sputnik Қазақстан

Депозиттер көлемі 30 триллион теңгеден асты 19.08.2026, Sputnik Қазақстан

2026-08-19T22:16+0500

2026-08-19T22:16+0500

2026-08-19T22:16+0500

депозит

депозиттер

қазақстан

https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_100:93:2932:1686_1920x0_80_0_0_8eef928026b038f1186e2cd9ef681b2a.jpg

АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктердегі салымдарының көлемі алғаш рет 30 трлн теңгеден асты. Бір жыл ішінде бұл сома 18,5%-ға, яғни 4,7 трлн теңгеге өсті, деп хабарлады Ranking.kz.Салымшылар әлі де көбіне жинақ депозиттерін таңдайды. Олардың басқа салым түрлерінен басты артықшылығы – табыстың жоғары болуы.Жинақ депозиттерінің тағы бір маңызды артықшылығы – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) тарапынан берілетін кепілдік мөлшерінің жоғары болуы. Теңгедегі жинақ салымдары бойынша бір банктегі бір салымшыға берілетін кепілдіктің ең жоғары сомасы 20 млн теңгені құрайды. Бұл – депозиттік өнімдер арасындағы ең жоғары қорғаныс деңгейі.Салыстыратын болсақ, басқа депозиттер бойынша кепілдіктің шекті сомасы төмен: теңгедегі карточкалар, шоттар және жинақ депозиттеріне жатпайтын салымдар бойынша – 10 млн теңгеге дейін, ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңгеге дейін.Жинақ депозитін ашқандар түсетін табысты алдын ала есептей алады. Салымшы қаражатты орналастыру мерзімін, сыйақы мөлшерлемесін және өнімнің негізгі шарттарын алдын ала біледі. Егер шартта сыйақыны капиталдандыру көзделсе, табыс бастапқы салым сомасына ғана емес, бұған дейін есептелген сыйақыға да есептеледі.Нарықта депозиттердің басқа да түрлері, атап айтқанда, мерзімді және талап етілмелі салымдар бар. Олардың негізгі айырмашылығы – қаражаттың қолжетімділігі мен табыстылығында.Талап етілмелі депозиттер әдетте салымшыға ақшасын еркінірек пайдалануға мүмкіндік береді, алайда олар бойынша мөлшерлемелер көбіне төмен болады. Ал мерзімді депозиттер осы екеуінің ортасында: қаражатты белгілі бір мерзімге орналастыруға әрі салыстырмалы түрде икемді шарттарды сақтауға мүмкіндік береді.

https://sputnik.kz/20230525/aqsha-depozit-ashatyndar-neni-bilui-qazhet-35259557.html

қазақстан

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

2026

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

Жаңалықтар

kk_KK

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_468:69:2624:1686_1920x0_80_0_0_b6f3603d3d840723d105e5ad7b7d50ca.jpg

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

депозит, депозиттер, қазақстан

депозит, депозиттер, қазақстан

Қазақстандықтар ақшасын қандай депозитке салғанды жөн көреді

Депозиттер көлемі 30 триллион теңгеден асты

АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктердегі салымдарының көлемі алғаш рет 30 трлн теңгеден асты. Бір жыл ішінде бұл сома 18,5%-ға, яғни 4,7 трлн теңгеге өсті, деп хабарлады Ranking.kz.

Салымшылар әлі де көбіне жинақ депозиттерін таңдайды. Олардың басқа салым түрлерінен басты артықшылығы – табыстың жоғары болуы.

"Ақшаны кез келген уақытта еркін шешіп алуға болатын депозиттерден айырмашылығы, жинақ салымдарында қаражатты мерзімінен бұрын алу шарттары қатаңырақ. Сондықтан банктер мұндай салымдар бойынша жоғары сыйақы ұсынады", - деп жазды портал.

Жинақ депозиттерінің тағы бір маңызды артықшылығы – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) тарапынан берілетін кепілдік мөлшерінің жоғары болуы. Теңгедегі жинақ салымдары бойынша бір банктегі бір салымшыға берілетін кепілдіктің ең жоғары сомасы 20 млн теңгені құрайды. Бұл – депозиттік өнімдер арасындағы ең жоғары қорғаныс деңгейі.

Салыстыратын болсақ, басқа депозиттер бойынша кепілдіктің шекті сомасы төмен: теңгедегі карточкалар, шоттар және жинақ депозиттеріне жатпайтын салымдар бойынша – 10 млн теңгеге дейін, ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңгеге дейін.

"Жинақ депозиттерінде басты басымдық табыстылыққа беріледі. Қаражатты ішінара алуға қойылатын шектеулер банктерге өздерінің ресурстық базасын тиімдірек жоспарлауға, ал салымшыларға жоғары сыйақы алуға мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай өнім белгіленген мерзім ішінде қажет болмайтын қаражатты орналастыруға қолайлы", - дейді сарапшылар.

Жинақ депозитін ашқандар түсетін табысты алдын ала есептей алады. Салымшы қаражатты орналастыру мерзімін, сыйақы мөлшерлемесін және өнімнің негізгі шарттарын алдын ала біледі. Егер шартта сыйақыны капиталдандыру көзделсе, табыс бастапқы салым сомасына ғана емес, бұған дейін есептелген сыйақыға да есептеледі.

Нарықта депозиттердің басқа да түрлері, атап айтқанда, мерзімді және талап етілмелі салымдар бар. Олардың негізгі айырмашылығы – қаражаттың қолжетімділігі мен табыстылығында.

Талап етілмелі депозиттер әдетте салымшыға ақшасын еркінірек пайдалануға мүмкіндік береді, алайда олар бойынша мөлшерлемелер көбіне төмен болады. Ал мерзімді депозиттер осы екеуінің ортасында: қаражатты белгілі бір мерзімге орналастыруға әрі салыстырмалы түрде икемді шарттарды сақтауға мүмкіндік береді.

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2023

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Астанада сот қаржы пирамидасын ұйымдастырған адамға шартты жаза мерзімін тағайындаған019.0919-08-2026
2Қазақстан жылқы етіне арналған әлемдегі алғашқы стандартты әзірлеуді ұсынды08.9220-08-2026
3Тоқаев: Қазақстанда волонтерлер саны 300 мыңға жақындады015.5620-08-2026
4Астанада 350 үлескер көптен күткен пәтеріне қоныстанды022.521-08-2026
5Қазақстанда жаңа банк ашылуы мүмкін09.3419-08-2026
6Казахстанские майнеры будут передавать часть криптовалюты в национальный крипторезерв. Постановление правительства01023-07-2026
7Казахстан планирует расширять возможности для привлечения зеленых инвестиций0017-06-2022
8"Газпром" разместил облигации в швейцарских франках на €30 млрд0030-06-2021
9Казахстан планирует нарастить приток прямых иностранных инвестиций до $25,5 млрд0023-06-2022
10"Казтрансойл" в апреле планирует поставить 100 тыс. тонн казахстанской нефти в Германию0031-03-2023

Классификация: Экономика. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 17.69. Источник: sputniknews.kz.