20 тамызда Алматыда туған-туыстары, достары мен әріптестері қазақстандық фототілші Юрий Беккерді ақтық сапарға шығарып салды. 68 жастағы Беккер содан бір күн бұрын кенеттен қайтыс болған еді.
Алматыда туып-өскен Юрий Беккер бүкіл саналы ғұмырын Қазақстанның фотошежіресін қалыптастыруға арнады. Елдің қоғамдық, саяси және мәдени өмірі, белгілі тұлғалар мен қарапайым адамдар бейнеленген фотоларымен танылды.
Юрий Беккер – 1986 жылы желтоқсанда Мәскеудің шешіміне қарсы Алматыда бейбіт шеруге...
20 тамызда Алматыда туған-туыстары, достары мен әріптестері қазақстандық фототілші Юрий Беккерді ақтық сапарға шығарып салды. 68 жастағы Беккер содан бір күн бұрын кенеттен қайтыс болған еді.
Алматыда туып-өскен Юрий Беккер бүкіл саналы ғұмырын Қазақстанның фотошежіресін қалыптастыруға арнады. Елдің қоғамдық, саяси және мәдени өмірі, белгілі тұлғалар мен қарапайым адамдар бейнеленген фотоларымен танылды.
Юрий Беккер – 1986 жылы желтоқсанда Мәскеудің шешіміне қарсы Алматыда бейбіт шеруге шығып, кейін сол үшін қудаланған қазақ жастарының сотынан түсірілген әйгілі суреттің авторы.
1987 жылғы 16 маусымда Алматыда Қазақ ССР Жоғарғы соты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде жасақшы Сергей Савицкийдің өліміне және "жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға" қатысы бар деген айыптар тағылған бес адамға үкім жариялаған: Қайрат Рысқұлбеков ату жазасына кесіліп, Түгелбай Тәшенов (15 жыл), Жамбыл Тайжұмаев (15 жыл), Қайыргелді Күзембаев (14 жыл) және Ертай Көпесбаев (4 жыл) түрмеге қамалған.
Қайрат Рысқұлбеков пен тағы үш жігітті үкім шығарылған кезде сот залынан советтік ҚазТАГ агенттігінің фототілшісі Юрий Беккер түсірген сурет "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланып, сол үшін ҚазТАГ басшысымен қоса Юрий Беккер және тағы бірнеше адам жұмыстан қуылды. Партия басшылығына жазаға тартылғандардың сотта еңсесін тік ұстап, қасқая қарап тұрғаны ұнамаған.
Сотталған бес азамат Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін толық ақталып, (марқұм) Қайрат Рысқұлбековке "Халық қаһарманы" атағы берілді. Ал Юрий Беккер түсірген әйгілі сурет советтік Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің дерегі ретінде тарихта қалды.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Умер фотокорреспондент Юрий Беккер | 0 | 22.5 | 19-08-2026 |
| 2 | Kabarettist Konrad Beikircher ist tot | 0 | 10.97 | 29-07-2026 |
| 3 | Умер заслуженный тренер СССР по легкой атлетике Юрий Волков | 0 | 0 | 23-10-2020 |
| 4 | Умер композитор Геннадий Белов | 0 | 0 | 20-12-2025 |
| 5 | Умер серебряный призер чемпионата Европы по футболу 1964 года Юрий Шикунов | 0 | 0 | 15-03-2021 |
| 6 | Умер Сергей Юрский | 0 | 0 | 08-02-2019 |
| 7 | В Киргизии умер писатель и драматург Мар Байджиев | 0 | 0 | 29-10-2021 |
| 8 | Умер кинокритик Юрий Гладильщиков | 0 | 0 | 11-04-2025 |
| 9 | Умер ветеран афганской войны "черный майор" Борис Керимбаев | 0 | 0 | 12-02-2019 |