Өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын бір топ азаматқа құрмет көрсетілді.
Өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын бір топ азаматқа құрмет көрсетілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марапат иелерін құттықтап, әрқайсысының ел үшін сіңірген еңбегіне жеке-жеке тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Президент ұлттық мәдениетімізді дамыту жолында көп еңбек етіп, бейнелеу өнерінде қайталанбас қолтаңбасымен ерекшеленген Бәтима Зәуірбекова отандық гобелен өнері мектебінің негізін қалап, қазақ әйелдері арасынан шыққан осы саладағы тұңғыш кәсіби маман атанғанына назар аударды.
– Шығармашылығыңыз жоғары деңгейде мойындалып, Мемлекеттік сыйлықтың иегері болдыңыз. Халқымыздың тарихын, бітім-болмысын, ою-өрнегі мен салт-дәстүрін дәріптеуге баса мән бердіңіз. Сіздің туындыларыңыз Алматы және басқа да қалалардың әйгілі ғимараттарына көрік беріп тұр. Туындыларыңыз өз елімізбен қатар шет мемлекеттерде сақталуда. Сіздің еңбектеріңізді әлемге белгілі мамандар өте жоғары бағалайды. Ұлттық өнер жолында салған дара жолыңыз жас буын азаматтары үшін тамаша үлгі-өнеге деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев саналы ғұмырын ұлт руханиятын дамытуға арнап келе жатқан көрнекті ғалым, қарымды қаламгер Тұрсын Жұртбай төл тарихымыздың ақтаңдақ тұстарын зерттеп, халықтың сана-сезімін жаңғыртуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
– Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, жан-жақты дәріптеуге зор еңбек сіңірдіңіз. Абай – ұлттың рухани темірқазығы, өскелең ұрпақтың айнымас бағдары. Шын мәнінде, ұлы ойшылды тану – қазақты тану деген сөз. Сіз Мұхтар Әуезовтің және ұлт қайраткерлерінің мол мұрасы мен өнегелі өмірі туралы құнды ғылыми еңбектер жаздыңыз. Шоқтығы биік көркем шығармаларыңыз арқылы төл әдебиетіміздің құндылығын арттыра түстіңіз, – деді Президент.
Айта кету керек, бұған дейін Мемлекет басшысы елге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттағанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Президент тапсырмасымен облыстық журналистерге алғаш рет пәтер кілті табысталады | 5 | 7 | 25-06-2026 |
| 2 | Президент: Қазақстанның беделін арттырып, көшін алға бастайтын да – жалынды жастар! | 7 | 6 | 26-06-2026 |
| 3 | Оңтүстік Корея Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты | 0 | 7.79 | 12-08-2026 |
| 4 | Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту: Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды | 0 | 10 | 12-08-2026 |
| 5 | Комментарий к записи Бүгін ҚР Президенті Ресейге жұмыс сапарымен барады (Назарова) | 0 | 5 | 10-02-2022 |
| 6 | Мемлекет басшысы Трампты АҚШ тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 7 | Президент Казахстана провел первое заседание Нацсовета общественного доверия | 0 | 0 | 06-09-2019 |
| 8 | Касым-Жомарт Токаев вступил в должность президента Казахстана | 0 | 0 | 20-03-2019 |
| 9 | Президент мемлекет қайраткері Александр Судьинге екінші дәрежелі «Барыс» орденін табыстады | 0 | 10 | 12-08-2026 |
| 10 | Мемлекет басшысы елге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады | 0 | 10 | 12-08-2026 |