Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жамбыл облысы Нұрлыкент ауылында жаңа спорт кешенінің ашылуы өтті. Нысан "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша салынған және ауыл тұрғындарға бос уақытын пайдалы өткізу үшін заманауи жағдайлар жасауға бағытталған.
Спорт кешені жергілікті тұрғындардың тұрақты спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді. Ғимаратта әмбебап спорт залы, өзге де қосалқы үй-жайлар бар.
Жамбыл облысында барлығы 2465 спорт нысаны жұмыс істейді. Өткен жылы өңірде 10 кешен іске қосылды, биыл тағы 12 кешеннің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, Таразда құны 6,4 млрд теңге болатын инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталды, ол 2027 жылы пайдалануға беріледі, сондай-ақ 3,5 млрд теңгеге футбол академиясының құрылысын салу жоспарланған.
Жалпы халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 2023 жылғы 52,2%-дан 2025 жылы 59,6%-ға дейін өсті. Сонымен бірге халықты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту да артты. Екі жыл ішінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесі 40,4%-дан 44,5%-ға дейін өсті.
Балалар арасында бұқаралық спортпен 34% немесе 1,8 млн адам айналысады. Олардың 228 мыңнан астамы жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігінің арқасында 7 мың спорт секциясына тегін қатысады. БЖСМ-де тағы 400 мыңға жуық бала спортпен шұғылдануда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Қазақстан мен Палестина ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды | 0 | 10 | 12-08-2026 |
| 2 | Президент: Елге сіңірген еңбегі еленді | 0 | 10 | 12-08-2026 |
| 3 | Жұлдыз Сүлейменова мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді | 0 | 8.79 | 12-08-2026 |
| 4 | Мемлекет басшысы елге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады | 0 | 10 | 12-08-2026 |
| 5 | Балқаш әуежайы реконструкциядан кейін жұмысын қайта бастады | 0 | 15.26 | 12-08-2026 |
| 6 | Министрлік деректердің даркнетке таралу себебін тексеріп жатыр | 0 | 10 | 12-08-2026 |
| 7 | Үкімет басшысы бірден көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейтуді тапсырды | 0 | 10 | 11-08-2026 |
| 8 | Новак сообщил, что проводит первую встречу с новым главой Минэнерго Казахстана | 0 | 0 | 12-02-2020 |
| 9 | Түркістан облысында өрт кезінде 2 газ баллоны қауіп төндірді | 0 | 21.16 | 12-08-2026 |
| 10 | Матовников: новый спортивный комплекс в КБР сможет принимать команды мирового уровня | 0 | 0 | 11-03-2019 |