Ведомство азаматтарға цифрлық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын сақтауды ұсынады.
Ведомство азаматтарға цифрлық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын сақтауды ұсынады.
Қазіргі уақытта бейінді қызметтермен бірлесіп жарияланған ақпаратқа техникалық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Жасанды интллект және цифрлық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Министрлік Қазақстан азаматтарының дербес деректерінің таралуы және олардың даркнетте жарияланғаны туралы ақпараттан хабардар.
Қазіргі уақытта бейінді қызметтермен бірлесіп жарияланған ақпаратқа техникалық тексеру жүргізіліп жатыр. Оның ішінде ұсынылған деректер үлгілерін талдау және олардың ықтимал шығу көзін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда электрондық үкіметтің ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны және аталған деректер базасының тікелей eGov жүйесінен алынғаны туралы расталған ақпарат жоқ, – делінген министрлік хабарламасында.
Министрліктің мәліметінше eGov жүйесінде жарияланымдарда көрсетілген форматтағы паспорттардың скан-көшірмелері сақталмайды, ал цифрлық құжаттардың форматы өзгеше.
– Сонымен қатар жарияланымдарда көрсетілген ақпараттың бір бөлігі электрондық үкімет деректерінің құрылымы мен форматына сәйкес келмейтінін атап өтеміз. Атап айтқанда, eGov жүйесінде жарияланымдарда көрсетілген форматтағы паспорттардың скан-көшірмелері сақталмайды, ал цифрлық құжаттардың форматы өзгеше. Даркнет пайдаланушысының деректер базасының шығу тегіне қатысты мәлімдемесі eGov жүйесінің бұзылғанын растайтын дәлел бола алмайды, – делінген Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарламасында.
Техникалық тексеру жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі.
– Министрлік азаматтарға цифрлық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын сақтауды ұсынады: SMS-кодтарды, парольдер мен ЭЦҚ деректерін үшінші тұлғаларға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және әртүрлі сервистер үшін түрлі парольдерді пайдалану, – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Үкімет басшысы бірден көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейтуді тапсырды | 0 | 10 | 11-08-2026 |
| 2 | Мемлекет басшысы елге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады | 0 | 10 | 12-08-2026 |
| 3 | Қазақстанда eGov GPT цифрлық ассистенті арқылы мемлекеттік қызметтер саны 3 есе артады | 0 | 17.79 | 11-08-2026 |
| 4 | Кабмин поддержит разработку программы для повышения цифровой грамотности | 0 | 0 | 04-02-2022 |
| 5 | Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту: Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды | 0 | 10 | 12-08-2026 |
| 6 | Минобрнауки работает над переводом диплома в электронный формат | 0 | 0 | 22-12-2020 |
| 7 | Минцифры сообщило о запуске в России онлайн-сервиса "Готов к цифре" | 0 | 0 | 27-07-2021 |
| 8 | Безработные смогут подать заявление на обучение онлайн | 0 | 0 | 04-02-2022 |
| 9 | Казахстан создал для иностранцев онлайн-программу для открытия банковского счета | 0 | 0 | 31-12-2025 |
| 10 | В России запустили ресурс по повышению цифровой грамотности населения | 0 | 0 | 25-12-2019 |