Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған павлодарлық келіншек сотталды

Дата публикации: 12-08-2026 08:03:00

Алайда Қылмыстық кодекстің 74-бабы негізінде жазаны өтеу бес жылға кейінге қалдырылды.


Основное содержимое страницы с новостью.

Алайда Қылмыстық кодекстің 74-бабы негізінде жазаны өтеу бес жылға кейінге қалдырылды.

Павлодарда жаңа туған қыз баласын 800 мың теңгеге сатуға келіскен әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотта анықталғандай, 2002 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны материалдық қиындықтарға байланысты жүкті кезінде дүниеге келмеген баласын ақшаға сатуды жоспарлаған.

– Осы мақсатта ол "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "бала асырап алғым келеді" атты қауымдастықта хабарландыру жариялап, сатып алушы тауып, жаңа туған қыз баланы 800 000 теңгеге сатуға келіскен. 2026 жылғы 28 наурызда әйел Павлодар облыстық № 1 перинаталдық орталығында дені сау қыз баланы дүниеге әкелген. Қала прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері барысында қылмыстық әрекет әшкереленді, – делінген хабарламада.

Жедел іс-шара шеңберінде сатып алушы рөлін атқарған тұлғаға сериялық нөмірлері алдын ала тіркелген ақша қаражаты берілді. 2026 жылғы 31 наурызда Павлодардағы пәтерлердің бірінде сотталған әйел жаңа туған нәрестені оған қатысты медициналық құжаттарымен бірге сатып алушыға тапсырып, 100 000 теңге көлемінде сыйақы алды.

Павлодар қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен әйел Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігімен ("Кәмелетке толмағандар саудасы") кінәлі деп танылып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабы негізінде тағайындалған жазаны өтеу 5 жыл мерзімге кейінге қалдырылды.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Маңғыстауда жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам тағы да мас күйде көлік айдаған0527-06-2026
2Зымыран ұшыруға қатысты 40 ел біріккен мәлімдеме жасады017.7812-08-2026
3Жамбыл облысында жанар-жағармай тасыған жүк көлігі өртенді0528-06-2026
4Каспий теңізіне батып кеткен ер адамның мәйіті 9 шақырым қашықтықтан табылды0527-06-2026
5«Лифтіде төбелес шығарған»: Қызылордада пранк жасаған тұрғынға айыппұл салынды01012-08-2026
6Қазақстанда "сайлау барысына кедергі келтірді" деген баппен сотталған жалғыз адамға амнистия қолданылмайды08.4503-06-2026
7"Атажұрт" белсендісі отырған камерада төбелес болғаны хабарланды. Түрме әкімшілігі жоққа шығарды09.3820-03-2026
8ТЖМ құтқарушылары түн ішінде қамыс арасынан 2 адамды тапты018.5312-08-2026
9СМИ: Атамбаева обвинили в незаконном присвоении земельного участка в селе Кой-Таш0016-08-2019

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 14.55. Источник: inbusiness.kz.