Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Павлодар өңірінде екі жылда тұңғыш рет үшем дүниеге келді

Дата публикации: 07-08-2026 05:05:00


Соңғы екі жылда облыста үшемнің тууы бірінші рет тіркелген. Анасы сәбилеріне Аят, Иса және Алан есімдерін берген. Дәрігерлердің мәліметінше, екі нәрестенің салмағы екі килограмнан асса, үшіншісінің салмағы бір жарым килограмға жуық. Кенжесі әзірше дәрігерлердің бақылауында. Фото: Айбек Жұматов — Бала қарқынды бақылауда. Дейтұрғанмен оттегі аппаратына тәуелсіз, өзі тыныс алып жатыр. Бізге оның белгілі бір салмақ […]
Сообщение Павлодар өңірінде екі жылда тұңғыш рет үшем дүниеге келді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.


Основное содержимое страницы с новостью.

Павлодар өңірінде екі жылда тұңғыш рет үшем дүниеге келді

Соңғы екі жылда облыста үшемнің тууы бірінші рет тіркелген. Анасы сәбилеріне Аят, Иса және Алан есімдерін берген.

Дәрігерлердің мәліметінше, екі нәрестенің салмағы екі килограмнан асса, үшіншісінің салмағы бір жарым килограмға жуық. Кенжесі әзірше дәрігерлердің бақылауында.

Павлодар өңірінде ЭКО нәтижесінде тұңғыш рет үшем дүниеге келді Фото: Айбек Жұматов

— Бала қарқынды бақылауда. Дейтұрғанмен оттегі аппаратына тәуелсіз, өзі тыныс алып жатыр. Бізге оның белгілі бір салмақ жинап, анасының омырауын жақсы сорып үйренгені қажет. Содан кейін анасына береміз. Анасы келіп, жағдайын біліп тұрады, — дейді Павлодар облыстық № 1 перинаталдық орталығының директоры Гүлнар Буратаева.

Үшемді босанған ана Мадина Қазенованың жасы 33-те. Ол үшін бұл — екінші жүктілік, үлкен қызы 12 жаста. Үшем ЭКО процедурасының нәтижесінде өмірге келген.

— Үшем босанатынымды білгенде алғаш дәрігерлердің сөзіне сенбеп едім. Бұл шынында біздің отбасымыз үшін таңғажайып оқиға болып отыр, — деп қуанышымен бөлісті көпбалалы ана.

Павлодар өңірінде ЭКО нәтижесінде тұңғыш рет үшем дүниеге келді Фото: Айбек Жұматов

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова отбасын құттықтады. Ол анасы мен нәрестелерге берік денсаулық тілеп, үш орынды балалар арбасын сатып алуға сертификат табыстады.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жыл басынан бері Павлодар облысында 4250 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 33 егіз және бір үшем бар.

Бұған дейін елімізде егіздер мен үшемдер көбіне қай өңірде дүниеге келетінін жазғанбыз.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Демалыс күндері аптап ыстық қайтып келеді016.8607-08-2026
2Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады017.312-08-2026
3Жастардың болашағы-қоғамның болашағы017.2210-08-2026
4Ел болашағына бастар маңызды қадам018.4508-08-2026
542°C-қа дейінгі ыстық: елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды015.7408-08-2026
6Құрылтай-жаңа қоғамдық жауапкершілік кезеңі017.9114-08-2026
7Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Абай күнімен құттықтады016.1410-08-2026
8Алғаш рет жолаушы мінген ұшқышсыз әуе көлігі көкке көтерілді016.0406-08-2026
9Пайдалы кеңестер021.7801-10-2025
10Астанада Есіл өзенінен ер адам құтқарылды06.9416-08-2026

Классификация: Сибирь. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 15.23. Источник: zhambylnews.kz.