Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Ел болашағына бастар маңызды қадам

Дата публикации: 08-08-2026 06:47:36


Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекет басқару дәстүрінде құрылтайдың орны ерекше. Құрылтай – ел тағдырын айқындайтын маңызды мәселелер талқыланып, халықтың бірлігі мен ынтымағын нығайтатын кеңес. Бүгінде осы тарихи дәстүрді заман талабына сай жаңғыртып, мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу туралы бастамалар қоғам тарапынан қызу қолдау табуда. Кез келген халықтың тілі, тарихы мен салт-дәстүрі – оның ұлттық болмысының […]
Сообщение Ел болашағына бастар маңызды қадам появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.


Основное содержимое страницы с новостью.

Ел болашағына бастар маңызды қадам

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекет басқару дәстүрінде құрылтайдың орны ерекше. Құрылтай – ел тағдырын айқындайтын маңызды мәселелер талқыланып, халықтың бірлігі мен ынтымағын нығайтатын кеңес. Бүгінде осы тарихи дәстүрді заман талабына сай жаңғыртып, мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу туралы бастамалар қоғам тарапынан қызу қолдау табуда. Кез келген халықтың тілі, тарихы мен салт-дәстүрі – оның ұлттық болмысының негізі. Қазақ халқы да өз мемлекетінің басқару жүйесінде ұлттық атауларды кеңінен қолдануға ұмтылуы заңды құбылыс. Кеңестік кезеңде Жоғарғы Кеңес жұмыс істеді. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда Парламент пен Сенат құрылып, еліміздің заң шығару қызметін атқарып келеді. Қазіргі таңда халқымыздың ұлттық санасы өсіп, тарихи тамырына, ана тіліне және ұлттық құндылықтарына деген құрметі арта түсті. Сондықтан дамыған мемлекеттер секілді өзіміздің төл атауларымызды дәріптеп, мемлекеттік институттардың да ұлттық болмысымызға сай аталуын қолдау – уақыт талабы. Осы тұрғыдан алғанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламентті «Құрылтай» деп атау жөніндегі бастамасы ұлттық тарихымызды жаңғыртып, мемлекет басқару жүйесіне қазақы рух беретін маңызды қадам болар еді. Мен бұл бастаманы толық қолдаймын және оның ел бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор ықпал етеді деп сенемін. Жалпы, «Құрылтай» сөзі көне түркі дәуірінен бастау алады. Ол VI- ХIII ғасырлардағы Түрік қағанаты кезеңінде мемлекет тағдырын шешетін кеңес атауы ретінде қолданылып, кейін ХIII ғасырдағы Моңғол империясы дәуіріндегі тарихи жазбаларда да кеңінен кездеседі. «Құрылтай» сөзі көне түркі тіліндегі «құру», «жиналу», «кеңесу» деген мағыналардан шыққан. Бұл атау халықтың немесе мемлекет басшыларының маңызды мәселелерді бірлесіп талқылау үшін жиналатын үлкен кеңесін білдіреді. Құрылтай – тек жиын ғана емес, ел тағдырын шешетін жоғарғы кеңес болған. Мұндай кеңестерге тайпа көсемдері, әскербасшылар және беделді ақсақалдар қатысқан. Кейін бұл дәстүр Қарлұқ, Қарахан, Қыпшақ мемлекеттерінде де сақталып, ХIII ғасырда Моңғол империясы тұсында кеңінен танылды. Ұлы құрылтайда жаңа ұлы хан сайланып, мемлекеттің даму бағыты айқындалды. Осы кезеңнен бастап «құрылтай» атауы көптеген тарихи жылнамаларда кездеседі. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін құрылтай дәстүрі қазақ қоғамында да маңызды орын алды. Керей мен Жәнібек хандардан бастап, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан дәуірінде елдің ішкі және сыртқы саясатына қатысты мәселелер билердің, батырлардың, сұлтандардың және ру басшыларының қатысуымен кеңес арқылы шешілді. Әсіресе, 1710 жылы Қарақұмда, 1726 жылы Ордабасында өткен құрылтайлар қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күш біріктіруіне ортақ талқылауға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық институт ретінде қызмет етті. Бүгінде Құрылтай – осы көне дәстүрдің заманауи жалғасы, қоғамның дамуына серпін беретін маңызды бастамалардың бірі. Бұл – елдің болашағына қатысты маңызды мәселелер талқыланып, халықтың ұсынысы мен пікірі ескерілетін, мемлекет пен қоғамды жақындастыратын тиімді диалог алаңы. Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев: «Құрылтай – елді ұйыстыратын, ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды институт» екенін атап өткен болатын. Бұл бастама қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, елдің болашағына қатысты нақты шешімдердің қабылдануына ықпал етеді. Жаңа Ата заң негізінде өтетін Құрылтай сайлауы елімізге оң өзгерістер әкеледі. Ал, заң шығарушы органға халықтың шынайы мүддесін қорғайтын азаматтар шоғырланады.
​Құрылтай – ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мемлекет басқару дәстүрі, ел бірлігінің, ақылдасу мәдениетінің және халықтық кеңестің жарқын көрінісі. Бүгінде қоғамның өркендеуі әр азаматтың белсенділігіне байланысты. Елдің болашағына бейжай қарамай, ортақ іске атсалысу – әрқайсымыздың міндетіміз. Осы тұрғыдан алғанда, құрылтай ұлттық бірлікті бекемдеп, елдің дамуына серпін беретін маңызды қоғамдық институт болып қала бермек.

Мұратбек Нысанов,
кәсіпкер, «Құрмет» орденінің иегері,
«Ali-Ko Sut-2023» ЖШС директоры

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Жастардың болашағы-қоғамның болашағы017.2210-08-2026
2Құрылтай-жаңа қоғамдық жауапкершілік кезеңі017.9114-08-2026
3Отандық өндірісті дамыту және импортты алмастыру: Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда017.210-08-2026
4Азық-түлік сатып алар кездегі ақша үнемдеу жолдары017.4210-01-2024
5Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Абай күнімен құттықтады016.1410-08-2026
6Демалыс күндері аптап ыстық қайтып келеді016.8607-08-2026
7Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады017.312-08-2026
8Павлодар өңірінде екі жылда тұңғыш рет үшем дүниеге келді015.2307-08-2026
9В мире: Казахстан вступил в новую эру0502-07-2026
1042°C-қа дейінгі ыстық: елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды015.7408-08-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 18.45. Источник: zhambylnews.kz.