Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Алакөлге демалуға барған 44 жастағы ер адам жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Дата публикации: 19-08-2026 13:49:50

Дүйсенбі күні түнгі сағат төрт шамасында Алматыдан туыстары дереу Алакөлге жолға шығып, содан бері оны іздеп жатыр

Основное содержимое страницы с новостью.

https://sputnik.kz/20260819/alakolge-demaluga-bargan-44-zhastagy-er-adam-zhumbaq-zhagdayda-zhogalyp-ketti-65835971.html

Алакөлге демалуға барған 44 жастағы ер адам жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Алакөлге демалуға барған 44 жастағы ер адам жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Sputnik Қазақстан

Дүйсенбі күні түнгі сағат төрт шамасында Алматыдан туыстары дереу Алакөлге жолға шығып, содан бері оны іздеп жатыр 19.08.2026, Sputnik Қазақстан

2026-08-19T18:49+0500

2026-08-19T18:49+0500

2026-08-19T19:59+0500

алакөл

із-түзсіз жоғалу

https://sputnik.kz/img/1023/19/10231923_0:0:1024:577_1920x0_80_0_0_e7df39c7df56533ddb8b0a1df27b92d0.jpg

АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Отбасымен бірге Алакөлге демалуға барған Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны Руслан Мұсағалиев із-түзсіз жоғалып кетті. Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне оның туыстары айтып берді.Руслан Мұсағалиев 17 тамыз күні сағат 18:00 шамасында "серуендеп келемін" деп сыртқа шығып кеткен. Содан бері оралмаған.Дүйсенбі күні түнгі сағат төрт шамасында Алматыдан туыстары дереу Алакөлге жолға шығып, содан бері оны іздеп жатыр.Кейін жоғалған ер адамның телефоны ауыл ішінен табылған. Оны сол ауылда тұратын жасөспірім тауып алып, демалыс орнының күзетшісіне берген. Қазіргі уақытта Руслан Мұсағалиевтің барлық туысы Алакөлде оны іздеп жүр.Жоғалған ер адам Алакөлге үш баласы, әйелі және әкесімен бірге барған.Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 18 тамызда Мақаншы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ер адамның жоғалғаны туралы оның жұбайы хабарласқан.Полиция қызметкерлері жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау үшін жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр."Егер сіз Руслан Мұсағалиевтің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу "102" телефоны арқылы хабарлауды немесе жақын жердегі полиция бөліміне жүгінуді сұраймыз", – дейді полиция.

https://sputnik.kz/20260714/kuyeuimen-kelispey-qashyp-ketken-turkistanda-zhogalgan-ayel-men-tort-balasy-tabyldy-64892929.html

алакөл

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

2026

Айдана Дайырова

https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg

Айдана Дайырова

https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg

Жаңалықтар

kk_KK

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

https://sputnik.kz/img/1023/19/10231923_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_d377ac7824d1d94a0890fddbfd324fa4.jpg

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

Айдана Дайырова

https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg

алакөл, із-түзсіз жоғалу

18:49 19.08.2026 (жаңартылды: 19:59 19.08.2026)

Айдана Дайырова - Sputnik Қазақстан

Дүйсенбі күні түнгі сағат төрт шамасында Алматыдан туыстары дереу Алакөлге жолға шығып, содан бері оны іздеп жатыр

АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Отбасымен бірге Алакөлге демалуға барған Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны Руслан Мұсағалиев із-түзсіз жоғалып кетті. Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне оның туыстары айтып берді.

Руслан Мұсағалиев 17 тамыз күні сағат 18:00 шамасында "серуендеп келемін" деп сыртқа шығып кеткен. Содан бері оралмаған.

"Қабанбай ауылындағы "Нұрай" демалыс орнына тоқтаған. Жексенбі күні отбасымен бірге демалуға барған. Сағат кешкі он шамасында іздей бастадық. Бірақ келіп қалар деп қатты алаңдамадық", – дейді жоғалған ер адамның туысы Жәнібек Отарбаев.

Дүйсенбі күні түнгі сағат төрт шамасында Алматыдан туыстары дереу Алакөлге жолға шығып, содан бері оны іздеп жатыр.

"Руслан Алакөлге шомылған жоқ. Барлық бейнекамераларды қарап шықтық. Арбат деген жерде жүргені камераға түсіп қалған. Ұялы телефоны өшірулі. Серуенге шыққан жексенбі күні ғана телефоны қосулы болған, содан бері өшірулі", – дейді туыстары.

Кейін жоғалған ер адамның телефоны ауыл ішінен табылған. Оны сол ауылда тұратын жасөспірім тауып алып, демалыс орнының күзетшісіне берген. Қазіргі уақытта Руслан Мұсағалиевтің барлық туысы Алакөлде оны іздеп жүр.

"Үш баласын көзінен таса қылмайтын, отбасын өте жақсы көретін адам. Ішімдік ішпейді, шылым шекпейді. Бес уақыт намазын қаза қалдырмайды. Мінезі ауыр, сабырлы адам. Ешкіммен жанжалдаспайды, тіпті ешкімге қарсы сөз айтпайтын адам", – дейді Руслан Мұсағалиевтің туыстары.

Жоғалған ер адам Алакөлге үш баласы, әйелі және әкесімен бірге барған.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 18 тамызда Мақаншы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ер адамның жоғалғаны туралы оның жұбайы хабарласқан.

"Мәліметтерге сәйкес, 17 тамызда сағат 18:10 шамасында ер адам Мақаншы ауданындағы Алакөл көлінің жағасында орналасқан "Нұрай" демалыс базасының аумағынан кеткен. Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз", – дейді полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау үшін жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Егер сіз Руслан Мұсағалиевтің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу "102" телефоны арқылы хабарлауды немесе жақын жердегі полиция бөліміне жүгінуді сұраймыз", – дейді полиция.

Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2026

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Алматы облысында ХҚКО маманы қызметтік көлікпен адамды қағып кетті08.9219-08-2026
2Двое жителей Казахстана погибли и четверо пострадали в ДТП в Республике Алтай05.7628-07-2026
3Двое жителей Казахстана погибли и четверо пострадали в ДТП в Республике Алтай08.428-07-2026
4Омбыдағы өрттен Қазақстан азаматы көз жұмды015.2619-08-2026
5Алматыдағы крематорийде үш жарым айда 7 адамның мәйіті өртелді013.4513-08-2026
6У Хабараўску пры дзіўных абставінах знік вахтавік з Мазыра01020-08-2026
7В Горном Алтае в ДТП погибли двое граждан Казахстана08.428-07-2026
8В аварии на Алтае погибли два жителя Казахстана07.628-07-2026
9На юго-западе Казахстана при отравлении газом в доме погибли семь человек0002-03-2025
10На Алтае при опрокидывании автомобиля пострадали четверо граждан Казахстана0507-07-2026

Классификация: Происшествия. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 12.74. Источник: sputniknews.kz.