Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Алаяқтардан зардап шеккен азаматтар жеке табыс салығынан толық босатылуы тиіс - Жұманғарин

Дата публикации: 19-08-2026 06:16:00

Қолданыстағы Салық кодексі бойынша есептен шығарылған борыш сомасы қарыз алушының табысы болып саналып, бұл жеке салық табысын төлеу міндетіне алып келеді

Основное содержимое страницы с новостью.

https://sputnik.kz/20260819/alayaqtardan-zardap-shekken-azamattar-zheke-tabys-salygynan-tolyq-bosatyluy-tiis---zhumangarin-65818544.html

Алаяқтардан зардап шеккен азаматтар жеке табыс салығынан толық босатылуы тиіс - Жұманғарин

Алаяқтардан зардап шеккен азаматтар жеке табыс салығынан толық босатылуы тиіс - Жұманғарин

Sputnik Қазақстан

Қолданыстағы Салық кодексі бойынша есептен шығарылған борыш сомасы қарыз алушының табысы болып саналып, бұл жеке салық табысын төлеу міндетіне алып келеді 19.08.2026, Sputnik Қазақстан

2026-08-19T11:16+0500

2026-08-19T11:16+0500

2026-08-19T11:20+0500

үкімет

табыс

салық

https://sputnik.kz/img/07ea/08/13/65815810_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_740df297279072063c395b00a3ac667f.jpg

АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жеке тұлғалардың несиесін есептен шығару кезіндегі салық салу қағидатына қатысты пікір білдірді.Қолданыстағы Салық кодексі бойынша есептен шығарылған борыш сомасы қарыз алушының табысы болып саналып, бұл жеке салық табысын төлеу міндетіне алып келеді. Бұл ретте босату 368-бап бойынша кейбір жағдайларда ғана қарастырылады.Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен бірлесіп, алаяқтық қарыздарды қоса алғанда, үмітсіз кредиттерді есептен шығару кезінде азаматтарды жеке табыс салығынан толық босатуды ұсынды.Серік Жұманғарин банктердің коммерциялық тәуекелдері мен қарыз алушылардың қиын өмірлік жағдайларын саралау қажеттігін айтты. Мұндағы әңгіме адамға тәуелсіз себептермен несиеге қызмет көрсету мүмкіндігін объективті түрде жоғалтқан жағдайлар туралы болып отыр.Отырысқа қатысушылар банктерді сауықтыру және берешекті өндіріп алу рәсімдерін белсенді қолдануға ынталандыру қажеттігін айтты.Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер уәкілетті мемлекеттік органдарға ҚНРДА-мен бірлесіп егжей-тегжейлі есептеу жүргізуді, "өмірлік қиын жағдай" (мүгедектік, еңбекке қабілеттілігінен айырылу, мүлік пен кірістің болмауы) өлшемдерінің толық тізбесін заңнамалық тұрғыдан бекітуді және келесі отырысқа келісілген ұстанымды ұсынуды тапсырды.

https://sputnik.kz/20260714/tsifrlyq-aktivterden-tabys-tapqandar-ush-zhylga-salyqtan-bosatyluy-mumkin-64884581.html

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

2026

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

Жаңалықтар

kk_KK

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

https://sputnik.kz/img/07ea/08/13/65815810_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_25d52cdeb46a891dce80f3e371a56da7.jpg

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

үкімет, табыс, салық

Алаяқтардан зардап шеккен азаматтар жеке табыс салығынан толық босатылуы тиіс - Жұманғарин

11:16 19.08.2026 (жаңартылды: 11:20 19.08.2026)

Қолданыстағы Салық кодексі бойынша есептен шығарылған борыш сомасы қарыз алушының табысы болып саналып, бұл жеке салық табысын төлеу міндетіне алып келеді

АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жеке тұлғалардың несиесін есептен шығару кезіндегі салық салу қағидатына қатысты пікір білдірді.

Қолданыстағы Салық кодексі бойынша есептен шығарылған борыш сомасы қарыз алушының табысы болып саналып, бұл жеке салық табысын төлеу міндетіне алып келеді. Бұл ретте босату 368-бап бойынша кейбір жағдайларда ғана қарастырылады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен бірлесіп, алаяқтық қарыздарды қоса алғанда, үмітсіз кредиттерді есептен шығару кезінде азаматтарды жеке табыс салығынан толық босатуды ұсынды.

Серік Жұманғарин банктердің коммерциялық тәуекелдері мен қарыз алушылардың қиын өмірлік жағдайларын саралау қажеттігін айтты. Мұндағы әңгіме адамға тәуелсіз себептермен несиеге қызмет көрсету мүмкіндігін объективті түрде жоғалтқан жағдайлар туралы болып отыр.

"Алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтар, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған қарыз алушылар қарызын есептен шығарту кезінде жеке табыс салығын төлеуден толық босатылуы тиіс. Мұндағы мемлекеттің ұстанымы айқын. Алайда, егер банк өзінің балансын оңтайландыру және провизияларды тарату үшін коммерциялық несиені есептен шығарса, бюджет салық түсімдерін автоматты түрде жоғалтпауы керек. Тәсіл теңдестірілген болуы керек", — деді Серік Жұманғарин.

Отырысқа қатысушылар банктерді сауықтыру және берешекті өндіріп алу рәсімдерін белсенді қолдануға ынталандыру қажеттігін айтты.

Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер уәкілетті мемлекеттік органдарға ҚНРДА-мен бірлесіп егжей-тегжейлі есептеу жүргізуді, "өмірлік қиын жағдай" (мүгедектік, еңбекке қабілеттілігінен айырылу, мүлік пен кірістің болмауы) өлшемдерінің толық тізбесін заңнамалық тұрғыдан бекітуді және келесі отырысқа келісілген ұстанымды ұсынуды тапсырды.

Заседании Проектного офиса внедрения нового Налогового кодекса сформирован  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2026

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қазақстан жылқы етіне арналған әлемдегі алғашқы стандартты әзірлеуді ұсынды08.9220-08-2026
2Астанада сот қаржы пирамидасын ұйымдастырған адамға шартты жаза мерзімін тағайындаған019.0919-08-2026
3 Comment on Астанада тегін қазақ тілі курсына тіркелу басталады by Шаридияр 010.3215-06-2026
4Алматы облысында жеке сот орындаушылары 180 млн теңгені құмар ойындарға жұмсаған012.6120-08-2026
5Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасынан Назарбаев туралы норма алынып тасталды021.7619-08-2026
6Қазақстандықтар ақшасын қандай депозитке салғанды жөн көреді017.6919-08-2026
7Құрылтай депутаттарының төсбелгісі алтыннан жасалмайды – ОСК төрағасы07.7921-08-2026
8Атырау әуежайында бет-жүзін тұмшалаған 6 жолаушы анықталды022.521-08-2026
9Астанада 350 үлескер көптен күткен пәтеріне қоныстанды022.521-08-2026
10"Брокер мен қаржы сарапшысы": полиция жоғары табыстың жарнамасын ашпауға кеңес берді 09.2515-08-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 8.82. Источник: sputniknews.kz.