Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады

Дата публикации: 24-05-2026 15:00:02

Фото: gov.kz Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамыту және «Зерделі ұлт» қалыптастыру жолындағы маңызды бастамалар жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында алдағы оқу жылынан бастап барлық Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы жүзеге асырылмақ. Аталған жоба
The post Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады first appeared on Мінбер - Ақпарат агенттігі.

Основное содержимое страницы с новостью.

Фото: gov.kz

Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамыту және «Зерделі ұлт» қалыптастыру жолындағы маңызды бастамалар жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында алдағы оқу жылынан бастап барлық Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы жүзеге асырылмақ.

Аталған жоба ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың «Келешек мектептері» директорларымен кездесуінде берген тапсырмасымен жүзеге асады. Министр мектеп басшыларына жобаны тиімді жүзеге асырып, оны білім беру үдерісімен байланыстырудың өзектілігін атап өткен болатын.

Жобаның негізгі мақсаты – оқушылар мен педагогтердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және кітап оқитын ұлт тәрбиелеу.

Бұл бастамаға тек оқушылар ғана емес, мектеп ұстаздары да белсенді түрде қатысады. Осы арқылы мектептерде біртұтас оқу мәдениетін қалыптастыру көзделіп отыр.

Қазір педагогтер мен оқушылардың ұсыныстары негізінде кітаптар тізімі жасақталуда. Арнайы сауалнама жүргізіліп, қатысушылардың қызығушылықтары мен сұраныстары ескеріледі. Нәтижесінде педагогтер үшін кәсіби дамуға арналған заманауи әдебиеттер, ал оқушылар үшін тұлғалық даму мен дүниетанымды кеңейтетін отандық және шетелдік шығармалар іріктелді.

Сонымен қатар, жоба қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар арасынан «Үздік оқырмандар» анықталып, марапатталатын болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қазақстанның 500 мектебінде жасанды интеллекті енгізіле бастайды011.4826-05-2026
2«Digital Qazaqstan»: Ақпараттық қауіпсіздік саласының болашақ мамандары іріктелді012.4921-06-2026
3Мектеп оқушысы қанша сағат ұйықтау керек - министрлік кеңес берді 014.1715-08-2026
4Астанада қайтарылған активтер есебінен 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынады015.8814-08-2026
5В школах Казахстана вводят важные изменения: что ждет учеников07.3528-07-2026
6"ЖОО-ға түскенде ескеріледі": жаңа оқу жылында мектепте қандай өзгерістер болады014.3514-08-2026
7Жұлдыз Сүлейменова мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді08.7912-08-2026
8Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті017.7814-08-2026
9Школы уже не будут прежними: в Казахстане меняют правила обучения детей02.9628-07-2026
10Kcell өз абоненттері үшін дауыстық байланыс сапасын жақсартуда06.2828-05-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 9.66. Источник: www.minber.kz.