Көліктегі полиция департаментінде ҚР ІІМ Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Ашық форматтағы жүздесудің өзегіне ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық құндылықтар және жас қызметкерлерді тәрбиелеу мәселелері арқау болды. Кездесу барысында үлкенді сыйлау, отбасы құндылықтарын сақтау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, тарихты білу және ұлттық дәстүрлерді қастерлеудің маңызы […]
Көліктегі полиция департаментінде ҚР ІІМ Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ашық форматтағы жүздесудің өзегіне ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық құндылықтар және жас қызметкерлерді тәрбиелеу мәселелері арқау болды. Кездесу барысында үлкенді сыйлау, отбасы құндылықтарын сақтау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, тарихты білу және ұлттық дәстүрлерді қастерлеудің маңызы сөз болды.
Кездесуде Мемлекет басшысы айқындаған “Заң мен тәртіп” қағидатына да ерекше мән берілді. Теміржол және әуе көлігі нысандарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлер үшін тәртіпті сақтау, заң талаптарын мүлтіксіз орындау және жеке жауапкершілік айрықша маңызға ие екені айтылды.
Ардагерлер ұйымының жас буын полицейлерін тәрбиелеудегі рөліне де назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыстың негізгі ұстанымдары – халыққа қызмет ету, Конституцияны сақтау және антқа адал болу. Бүгінде ардагерлер Департамент жанындағы түрлі комиссиялардың жұмысына белсене қатысып, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайтуға өз үлестерін қосып келеді. Сонымен қатар олардың мол қызметтік тәжірибесі жас қызметкерлерге тәлім болып, буындар арасындағы сабақтастықты жалғастыруға мүмкіндік береді.
Кездесу соңында Ө.Болсамбеков жас қызметкерлерді ішкі істер органдарындағы үздік дәстүрлерді лайықты жалғастыруға, адалдық пен тәртіпті берік ұстанып, қызметтік міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқаруға шақырды.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды | 0 | 16.76 | 14-08-2026 |
| 2 | Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде | 0 | 16.2 | 14-08-2026 |
| 3 | Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет? | 0 | 18.89 | 14-08-2026 |
| 4 | Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді | 0 | 15.09 | 15-08-2026 |
| 5 | Атырауда полицейлер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді | 0 | 17.61 | 15-08-2026 |
| 6 | Қостанайда жас жол инспекторлары жасақтарының XXI республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті | 0 | 16.56 | 14-08-2026 |
| 7 | Атырау облысы ПД бастығы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмысын тексерді | 0 | 16.25 | 15-08-2026 |
| 8 | Елордада полиция әлеуметтік сауалнама ұйымдастырды | 0 | 16.7 | 14-08-2026 |
| 9 | Қызылордада жазасын өтеуші әйелдер арт-терапия тренингіне қатысты | 0 | 20.01 | 14-08-2026 |
| 10 | Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады | 0 | 9.66 | 24-05-2026 |