«Келешек мектептер» жобасы еліміздің білім беру жүйесін жаңа сапалық кезеңге шығаруға бағытталған маңызды стратегиялық бастамалардың бірі болып табылады. Бұл жоба аясында соңғы жылдары еліміздің көптеген өңірлерінде заман талабына сай инфрақұрылыммен жабдықталған, цифрлық технологияларды кеңінен қолданатын және оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын жаңа білім нысандары бой көтеріп келеді. 2023 жылдан бері өңірде 7 мектептің құрылысы басталып, […]
Сообщение Аймақта «Келешек мектептері» жобасымен 7 білім нысаны салынған появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.
«Келешек мектептер» жобасы еліміздің білім беру жүйесін жаңа сапалық кезеңге шығаруға бағытталған маңызды стратегиялық бастамалардың бірі болып табылады. Бұл жоба аясында соңғы жылдары еліміздің көптеген өңірлерінде заман талабына сай инфрақұрылыммен жабдықталған, цифрлық технологияларды кеңінен қолданатын және оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын жаңа білім нысандары бой көтеріп келеді. 2023 жылдан бері өңірде 7 мектептің құрылысы басталып, бүгінде барлығы пайдалануға берілген.
Аталған білім нысандарының 2024 жылы үшеуі толық аяқталып, балалардың игілігіне берілді. Байзақ ауданында ашылған жаңа мектеп ауылдық жерде сапалы білімге қолжетімділікті арттырса, Тараз қаласының Бәйтерек және Ұлы дала мөлтек аудандарында ашылған екі ірі білім ошағы қалалық оқушылардың орын тапшылығына қатысты мәселелерді айтарлықтай жеңілдетті.
2025 жылы Ұлы дала мөлтек ауданында 2000 орындық заманауи мектептің пайдалануға берілуі – өңірдің білім инфрақұрылымындағы ең ірі оқиғалардың бірі болды. Бұл мектеп қаладағы демографиялық өсімге байланысты туындаған орын жетіспеушілігін азайтып қана қоймай, жаңа білім стандарттарына толық сәйкес келетін кең, жарық кабинеттермен, ғылыми зертханалармен, ІТ және робототехника бөлмелерімен жабдықталды. Мұндай мүмкіндіктер оқушылардың оқу процесін қызықты әрі нәтижелі етуге ықпал етіп, олардың шығармашылық және ғылыми қабілеттерін дамытуға кең өріс ашты. 2025 жылдың қазан айында Қордай ауданының Қарасу және Қаракемер ауылдарында тағы екі жаңа мектеп ашылып, ауылдағы балалар үшін бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктер туындады. Ауылдық аумақтарда осындай заманауи мектептердің салынуы білім сапасын айтарлықтай арттырып, ауыл мен қала арасындағы білім беру айырмашылығын қысқартуға мүмкіндік беруде. Сонымен қатар Тараз қаласында тағы бір жаңа мектептің құрылысы аяқталып, өңірдегі мектептер желісі одан әрі жаңартылды.
Жаңа мектептердің басты ерекшелігі – олардың тек әдемі ғимарат немесе жаңа парталармен шектелмейтіндігі. Бұл мектептерде жаңартылған білім беру мазмұны тиімді енгізіліп, оқыту әдістері жаңа форматта жүзеге асырылуда. Мұғалімдер топтық жұмыс, зертханалық тәжірибелер, жобалық оқыту секілді инновациялық тәсілдерді жиі қолданады. Цифрлық құралдар мен интерактивті тақталар оқу процесін жандандырып, оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Инклюзивті білім беруге арналған арнайы бөлмелер мен ресурстық орталықтар да ашылып, мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай жасалған.
Осы өзгерістердің нәтижесі ретінде жаңа мектептердің оқушылары республикалық деңгейде жоғары жетістіктерге қол жеткізуде. Олар пәндік олимпиадаларда математика, физика, биология, қазақ тілі және басқа да пәндер бойынша жүлделі орындарға ие болып, облыстың беделін арттыруда. Ғылыми жобалар байқауларында инженерия, ІТ, экология салалары бойынша ұсынылған жобалар жоғары бағаланып, бірнеше оқушының жұмыстары республикалық үздік ондыққа енді. Робототехника, инновациялық идеялар мен цифрлық технологиялар бағытында да жаңа мектептердің шәкірттері айтарлықтай жетістік көрсетіп, түрлі республикалық байқаулардан жүлделі оралуда. Спорт пен өнер саласында да жаңа мектептердің тәрбиеленушілері белсенділік танытып, республикалық деңгейде жеңістерге қол жеткізіп жүр.
Қорыта айтқанда, «Келешек мектептері» жобасы өңірдің білім беру жүйесіне үлкен серпіліс әкелді. Жаңа мектептер балаларға жайлы, қауіпсіз және заманауи орта ұсынып қана қоймай, олардың республикалық деңгейде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік жасап отыр.
Айта кетейік, биыл өңірдегі 531 мектепті 245 мыңнан астам оқушыаяқтаған болса, оның 23 253-і – 9-сынып, 14 437 түлек – 11-сынып бітірушілері. 670 түлек «Алтын белгіге», ал 1 182 оқушы үздік аттестатқа үміткер.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады | 0 | 9.66 | 24-05-2026 |
| 2 | Жетістікке толы жыл | 0 | 30.35 | 25-05-2026 |
| 3 | Жамбыл облысында республикалық «Ұлттық мектеп лигасының» ашылу салтанаты өтті | 0 | 16.63 | 18-06-2026 |
| 4 | Білім гранты иегерлерінің тізімі шықты | 0 | 15.74 | 07-08-2026 |
| 5 | Қызылордалық түлектерге арналған әкім гранты берілмейтін болды \ | 0 | 18.95 | 21-08-2026 |
| 6 | Қазақстанның 500 мектебінде жасанды интеллекті енгізіле бастайды | 0 | 11.48 | 26-05-2026 |
| 7 | Мемлекеттік білім грантының нәтижесі қашан жарияланады | 0 | 14.42 | 05-08-2026 |
| 8 | Kazakhstan creates 1 million new school places in 6 years | 0 | 16.56 | 17-08-2026 |
| 9 | Қазақстандық оқушы ЖИ көмегімен қатерлі ісікті ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты | 0 | 19.2 | 18-05-2026 |
| 10 | Школу на 1200 мест построят в Астане | 0 | 10.76 | 14-08-2026 |