Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Тырнағыңды тістеме (ертегі)

Дата публикации: 29-01-2022 10:45:46


Ертеде бір кедей болыпты. Ол қанша еңбек етіп, тер төксе де, еңбегі зая кете беріпті. Анда-санда бір тойса, шала байып қалады екен. Бір күні Мәдина шаһарында Мұхамбет деген Тәңірдің елшісі барын естиді. Оған барып жолығуға бел байлайды. Ұзақ жол жүріп, пайғамбарға келеді. – Уа, Тәңірдің елшісі, мен байлыққа жарымай-ақ қойдым. Қанша тер төксем де, еңбегім […]
Сообщение Тырнағыңды тістеме (ертегі) появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.


Основное содержимое страницы с новостью.

Тырнағыңды тістеме (ертегі)

Ертеде бір кедей болыпты. Ол қанша еңбек етіп, тер төксе де, еңбегі зая кете беріпті. Анда-санда бір тойса, шала байып қалады екен.

Бір күні Мәдина шаһарында Мұхамбет деген Тәңірдің елшісі барын естиді. Оған барып жолығуға бел байлайды. Ұзақ жол жүріп, пайғамбарға келеді.

– Уа, Тәңірдің елшісі, мен байлыққа жарымай-ақ қойдым. Қанша тер төксем де, еңбегім зая кетеді. Соның себебі неде? – деп сұрайды. Жігіттің бір жаман әдеті бар екен. Ол өскен тырнағын тісімен алып тастайды екен. Пайғамбардың алдында тұрғанда да сол әдетін қайталапты. Пайғамбар жігіттің мазасыз халін көріпті де, оның басынан сипап:

– Тырнақ тістегенді қой. Бұл – жаман әдет. Әділ Құдай сенің адал еңбегіңді жемейді. Адал кәсіптің құты мен берекесі отбасыңа дарығысы келеді. Бірақ мына жағымсыз әдетің оны үркітіп жібереді екен, – депті. Жігіт кедейшілік себебінің сырын білген кезде таңғалады. Жаман әдетінен дереу тыйылады. Көп ұзамай ісі де алға басып, дәулетті адам болған екен.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Жұма сайын үйленген жігіт018.8823-04-2021
2Жыртық аяқ киім023.322-04-2021
3Мен саған есірткі жайлы айтып беремін…(Эссе)017.6628-01-2022
4Оймақтай ой….024.5318-01-2022
5Қазақтың КЕЛІНІ екі жағдайда СӘЛЕМ салмайды018.1410-02-2022
6Оймақтай ой020.8912-01-2022
7Бала салған суреттің сыры018.7229-11-2021
8«Бірінші перзенттің қыз болуы әйелдің берекетінен» деген сөз қаншалықты рас?018.8223-04-2021
9Қазақ отбасының мінездік ерекшелігі020.7922-12-2021
10У Казахстане абнулілі тэрмін прэзідэнцтва Такаева0507-07-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 18.52. Источник: zhambylnews.kz.