Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Жыртық аяқ киім

Дата публикации: 22-04-2021 15:21:31


Бір шәкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кенет әлгі екеудің жол шетінде жатқан тозығы жеткен бір аяқ киімге көздері түседі. Шәкірт ұстазына: – Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын бір жерге жасырынып қалай абдырап, сасқанын қызықтайық, — дейді. Сонда ақылды ұстазы: –Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл […]
Сообщение Жыртық аяқ киім появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.


Основное содержимое страницы с новостью.

Жыртық аяқ киім

Бір шәкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кенет әлгі екеудің жол шетінде жатқан тозығы жеткен бір аяқ киімге көздері түседі. Шәкірт ұстазына:

– Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын бір жерге жасырынып қалай абдырап, сасқанын қызықтайық, — дейді.

Сонда ақылды ұстазы:
–Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық сыйлағың келе ме? Онда оны мазаққа айналдырмай, керісінше, аяқ киіміне ақша салып қояйық.

Сонан кейін ғана не қызық болатынын тамашалайық, — дейді.
Ұстазының ұсынысы бірден көңіліне қонған шәкірт айтқанын орындайды. Көп ұзамай екеуі жақын тұрған ағаштың артынан барып жасырынады.

Сәлден соң жүзі күн көзіне әбден тотыққан, жұпыны киімді бір шаруа келеді. Аяғын аяқ киіміне сұққаны сол еді, ішіндегі затты сезіп, аяғын дереу қайта суырып алады. Қолын салып еді, ақша екен. Екінші сыңарынан да сондай ақша шықты.

Ақшаға бір, жан-жағына бір қарап, таң-тамаша болып тұрып қалды. Көз жетер жерде ешкім байқалмады. Ақшаны қалтасына салды да, жерге тізерлеп отыра кетті. Жасаураған жүзін аспанға көтеріп дауыстап сөйлей бастады: «Я, Раббым! Сен менің хәлімді өзімнен артық Білушісің. Әйелімнің ауру екенінен, балаларымның аш-жалаңаш екенінінен хабардар болдың.

Бәрімізді басқа түскен нәубеттен құтқардың. Шүкір, шүкір…». Осылайша, ұзақ уақыт жасын төккен күйі Жаратушысына алғыс айтып, шүкірлігін білдіріп отырды.

Манадан бері одан көз жазбай қарап отырған шәкірт қос жанары жасқа толып, қатты әсерге бөленді. Шәкіртінің бойындағы өзгерісті байқап отырған ұстазы:

– Қазір бұрынғы хәліңнен бақыттырақ екеніңді сезіп отырған сияқтысың. Алғашқы ойыңды іске асырғанда қандай күйде болар едің?! — дейді. Шәкірті:

– Иә, ұстаз! Өмір бойы ұмытпастай дәріс алдым. Сізге алғысым шексіз! «Берген кездегі қуаныш алған кездегі қуаныштан көп артық болады» деген сөздің мағынасын енді түсіндім,- деп жауап қатты…

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Оймақтай ой….024.5318-01-2022
2Қазақтың КЕЛІНІ екі жағдайда СӘЛЕМ салмайды018.1410-02-2022
3Жұма сайын үйленген жігіт018.8823-04-2021
4Мен саған есірткі жайлы айтып беремін…(Эссе)017.6628-01-2022
5Оймақтай ой020.8912-01-2022
6Бала салған суреттің сыры018.7229-11-2021
7Тырнағыңды тістеме (ертегі)018.5229-01-2022
8Қазақ отбасының мінездік ерекшелігі020.7922-12-2021
9«Бірінші перзенттің қыз болуы әйелдің берекетінен» деген сөз қаншалықты рас?018.8223-04-2021

Классификация: Сибирь. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 23.3. Источник: zhambylnews.kz.