Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Жұма сайын үйленген жігіт

Дата публикации: 23-04-2021 12:00:52


Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып: — Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, — деп өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады, ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт далаға шығып біраз […]
Сообщение Жұма сайын үйленген жігіт появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.


Основное содержимое страницы с новостью.

Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:

— Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, — деп өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады, ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді.

Сөйтіп, жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың ығында, бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан ақсақал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да, жігітке:

— Неғып отырсың? – дейді.

Жігіт:

— Жай отырмын, — деп жауап береді.

Ақсақал:

— Шыныңды айт! – деп қыса бастайды. Жігіт еш нәрсе айтпайды.

Тағы да ақсақал:

— Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, — дейді.

Жігіт:

— Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп кедей болдым, — дейді.

Ақсақал:

-Қандай өсиет айтып еді? – дейді.

Жігіт:

— Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», — деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым.

Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», — деп еді. Мен қала сайын үй салдым.

Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», — деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, — дейді.

Ақсақал тұрып жігітке:

— Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «жұма сайын қыз ал» дегені: «әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің» дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» дегені еді. «Ас ішсең, бал же» дегені: «еңбек істеп, ас ішсең, балдан тәтті болады» дегені еді, — деп қарт өз жөніне кетіпті.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Оймақтай ой….024.5318-01-2022
2Жыртық аяқ киім023.322-04-2021
3Мен саған есірткі жайлы айтып беремін…(Эссе)017.6628-01-2022
4Қазақтың КЕЛІНІ екі жағдайда СӘЛЕМ салмайды018.1410-02-2022
5Қазақ отбасының мінездік ерекшелігі020.7922-12-2021
6Тырнағыңды тістеме (ертегі)018.5229-01-2022
7Оймақтай ой020.8912-01-2022
8Бала салған суреттің сыры018.7229-11-2021
9«Бірінші перзенттің қыз болуы әйелдің берекетінен» деген сөз қаншалықты рас?018.8223-04-2021
10Қазақстанда "сайлау барысына кедергі келтірді" деген баппен сотталған жалғыз адамға амнистия қолданылмайды08.4503-06-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 18.88. Источник: zhambylnews.kz.