Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

«Бірінші перзенттің қыз болуы әйелдің берекетінен» деген сөз қаншалықты рас?

Дата публикации: 23-04-2021 09:17:40


Алланың сәлемі мен берекесі болсын, Ағалар! Сұрайын дегенім: «Алғашқы перзенттің қыз болуы әйелдің берекетінен» деген хадис бар ма? Болса мағынасын қалай түсінсе болады? Сізге Алла разы болсын! Алдын ала рақмет. Қадірменді сауал жолдаушы, «Алғашқы перзенттің қыз болуы әйелдің берекетінен» деген риуаят бар. Деректерге қарағанда, Уәсилә ибн Әсқаъ есімді сахабадан жеткен риуаятта былай делінген: «من بركة […]
Сообщение «Бірінші перзенттің қыз болуы әйелдің берекетінен» деген сөз қаншалықты рас? появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.


Основное содержимое страницы с новостью.

«Бірінші перзенттің қыз болуы әйелдің берекетінен» деген сөз қаншалықты рас?

Алланың сәлемі мен берекесі болсын, Ағалар! Сұрайын дегенім: «Алғашқы перзенттің қыз болуы әйелдің берекетінен» деген хадис бар ма? Болса мағынасын қалай түсінсе болады? Сізге Алла разы болсын! Алдын ала рақмет. Қадірменді сауал жолдаушы, «Алғашқы перзенттің қыз болуы әйелдің берекетінен» деген риуаят бар.

Деректерге қарағанда, Уәсилә ибн Әсқаъ есімді сахабадан жеткен риуаятта былай делінген: «من بركة المرأة تبكيرها بالأنثى» «Ең бірінші қыз табуы – әйелдің берекетінен». Яғни, «тұңғышы қыз болған әйел – берекелі әйел. Ондай әйел — құтты әйел. Құтты-берекелі екендігінің белгісі» дегендік.

Алайда, аталмыш риуаятты кей хадисшілер «тым әлсіз» деген баға берсе, кейбір хадис ғұламалары мүлдем «ойдан шығарылған жалған хадис» деп, оны хадис ретінде қабылдаудан бас тартқан. Оның бір себебі, хадисті жеткізуші рауилердің арасында «Алә ибн Кәсир әд-Димәшқий» деген кісі бар. Бұл кісі жалған хадистерді риуаят етумен танылған адам[1].

Сондай-ақ, Хадисші ғалым Ибн Жәузи да бұл хадисті өз кітабында «жалған хадистер» қатарына қосқан[2]. Ендеше, аталмыш риуаяттың Мұхаммед пайғамбардың (ғалейһиссәләм) хадисі екендігінде күмән бар. Мүмкін мұны хадис ретінде емес, жай нақыл сөз ретінде қыздың мәртебесін және анасының мәртебесін білдіру үшін келтірудің ағаттығы болмас.

Қалай десек те, бұдан «тұңғышы ұл болған әйел – құтсыз әйел» деген түсінік қалыптаспауы керек. Өйткені, әлдебір әйелдің құтты немесе құтсыз екендігі тұңғышына байланысты емес. Мәселен, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ең бірінші жары Хадиша анамыздың алғашқы дүниеге әкелген перзенті ұл етін. Есімі – Қасым. Осыған қарап, Хадиша анамызды ешкім берекесіз әйел деп айта алмас. Себебі, Мұхаммед пайғамбарымыздың пайғамбарлық жылдарының алғашқы кезеңінде оған ешкім сенбей, бәрі бет бұрғанда, жары Хадиша бинт Хуәйлид қана иман келтіріп, жан-жақты қолдау көрсеткен еді.

Оның сол жақсылығынан Жаратушы Алла Тағала риза болып, ол үшін пейіште асыл тастармен безендірілген сарай дайындап қойғандығын Жебірейіл періште арқылы сүйіншілеген етін[3]. Радияллаһу анһә! Алла әрбір отбасыға құт-береке берсін! Әлемді жайлаған мына іңдеттен тезірек құтылуымызды жазсын!

[1] Имам Шәукәни: «әл-Фәуәидуль Мәжмуъа».

[2] Ибн Жәузи: «әл-Маудуъат».

[3] Имам Бұхари: «Сахих Бұхари». №3820.

Абдусамат Қасым

Дереккөз: Islam.kz

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Оймақтай ой….024.5318-01-2022
2Жұма сайын үйленген жігіт018.8823-04-2021
3Жыртық аяқ киім023.322-04-2021
4Бала салған суреттің сыры018.7229-11-2021
5Мен саған есірткі жайлы айтып беремін…(Эссе)017.6628-01-2022
6Қазақтың КЕЛІНІ екі жағдайда СӘЛЕМ салмайды018.1410-02-2022
7Тырнағыңды тістеме (ертегі)018.5229-01-2022
8Қазақ отбасының мінездік ерекшелігі020.7922-12-2021
9Оймақтай ой020.8912-01-2022
10Депутат Перуашев президент Тоқаевтың сын сөзі сабақ болатынын айтты07.6503-06-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 18.82. Источник: zhambylnews.kz.