Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев қызметтік іссапармен Исатай ауданына барып, полиция бөлімдерінің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Polisia.kz. Іссапар барысында Жанбай полиция бөлімшесінің қызметі, материалдық-техникалық базасы және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасы зерделенді. Қызмет барысында туындаған өзекті мәселелер талқыланып, жұмысты жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар департамент бастығы аудан тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініштері […]
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев қызметтік іссапармен Исатай ауданына барып, полиция бөлімдерінің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іссапар барысында Жанбай полиция бөлімшесінің қызметі, материалдық-техникалық базасы және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасы зерделенді. Қызмет барысында туындаған өзекті мәселелер талқыланып, жұмысты жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар департамент бастығы аудан тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесуде қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері көтерілді. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштер бойынша жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар жүктелді.

Бұдан бөлек, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен өткен жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылықты сақтау және профилактикалық жұмысты күшейту бағыттары қаралды.

Іссапар қорытындысы бойынша қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып жүрген бірқатар полиция қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді үлес қосқан тұрғындар марапатталды.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды | 0 | 16.76 | 14-08-2026 |
| 2 | Атырауда полицейлер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді | 0 | 17.61 | 15-08-2026 |
| 3 | Қылмыссыз ауыл: учаскелік полицейдің жүйелі жұмысының жемісі | 6 | 7 | 11-07-2026 |
| 4 | Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді | 0 | 15.09 | 15-08-2026 |
| 5 | Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті | 0 | 17.78 | 14-08-2026 |
| 6 | Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет? | 0 | 18.89 | 14-08-2026 |
| 7 | Елордада полиция әлеуметтік сауалнама ұйымдастырды | 0 | 16.7 | 14-08-2026 |
| 8 | Полицияның жедел әрекеті: ШҚО-да жоғалған сәби ата-анасына табысталды | 6 | 4 | 11-07-2026 |
| 9 | Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде | 0 | 16.2 | 14-08-2026 |
| 10 | Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды | 0 | 5 | 02-07-2026 |