Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Атырауда полицейлер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Дата публикации: 15-08-2026 06:04:07

Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ернар Базаров Индер ауданындағы "Жас Өркен" лагерінің тәрбиеленушілерімен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz. Кездесу барысында балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер бала қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтіп, кез келген жағдайда сақтық танытып, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Атырауда полицейлер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ернар Базаров Индер ауданындағы "Жас Өркен" лагерінің тәрбиеленушілерімен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер бала қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтіп, кез келген жағдайда сақтық танытып, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.

Іс-шара барысында арнайы мақсаттағы жасақ қызметкерлері полиция қызметінің ерекшеліктерімен таныстырып, қорғаныш шлемдері мен арнайы құрал-жабдықтарды көрсетті. Сондай-ақ балаларға қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолданылатын дрондардың мүмкіндіктері таныстырылып, олардың жұмыс істеу тәртібі көрсетілді.

Кездесу балалар үшін танымдық әрі қызықты форматта жалғасты. Іс-шара аясында эстафеталық жарыс ұйымдастырылып, жас қатысушылар шапшаңдық, ептілік және ұйымшылдықтарын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша балаларға естелік сыйлықтар табысталды.

Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және полиция қызметіне деген қызығушылығын нығайтуға бағытталған.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді015.0915-08-2026
2Атырау облысы ПД бастығы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмысын тексерді016.2515-08-2026
3Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды016.7614-08-2026
4Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті017.7814-08-2026
5Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет?018.8914-08-2026
6Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде016.214-08-2026
7Қостанайда жас жол инспекторлары жасақтарының XXI республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті016.5614-08-2026
8Қызылордада жазасын өтеуші әйелдер арт-терапия тренингіне қатысты020.0114-08-2026
9В Копейске полицейские провели профилактическую встречу с детьми в лагере «Юность»0509-06-2026
10В Якутии полицейские провели серию антинаркотических лекций в детских лагерях0508-07-2026

Классификация: Общество. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 17.61. Источник: polisia.kz.