Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді

Дата публикации: 15-08-2026 05:40:51

Павлодар облысында жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Кенжекөл ауылындағы "Арлан" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің тәрбиеленушілері есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға арналған кездесуге қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара барысында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері Ирина Тимиргалиева есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, есірткі қолданудың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді

Павлодар облысында жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Кенжекөл ауылындағы "Арлан" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің тәрбиеленушілері есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға арналған кездесуге қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері Ирина Тимиргалиева есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, есірткі қолданудың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зардаптары туралы айтып берді. Кездесудің негізгі мақсаты – ойланбай жасалған бір қадам адамның тағдырын өзгертуі мүмкін екенін түсіндіріп, жасөспірімдерді дұрыс әрі саналы таңдау жасауға шақыру.

Жасөспірімдер өз ұстанымдарын шығармашылық арқылы да білдірді. "Арлан" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде есірткіге қарсы тақырыпта суреттер мен плакаттар байқауы ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша мазмұнды әрі әсерлі жұмыс ұсынған Абдул-Малик Садулаев жеңімпаз атанды. Жеңімпазға спорттық велосипед табысталды. Ал байқаудың өзге қатысушылары бағалы сыйлықтарға ие болды.

Павлодар облысының полиция департаменті құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жастардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуына жол бермеуге, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және болашаққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Атырауда полицейлер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді017.6115-08-2026
2Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет?018.8914-08-2026
3Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті017.7814-08-2026
4Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды016.7614-08-2026
5Атырау облысы ПД бастығы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмысын тексерді016.2515-08-2026
6Маңғыстауда оқушыларға самокатпен жүру мәдениеті түсіндірілді0702-07-2026
7Ақмола облысында полиция лагерь тәрбиеленушілерімен профилактикалық кездесу өткізді0511-07-2026
8Елордада полиция әлеуметтік сауалнама ұйымдастырды016.714-08-2026
9Ақтауда есірткіге қарсы профилактикалық акция ұйымдастырылды0502-07-2026
10Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде016.214-08-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 15.09. Источник: polisia.kz.