Жамбыл облысында М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті ұйымдастырған «Дулати – білім ордасы. Болашаққа сеніммен қарайтын ұрпақтар сабақтастығы» атты түлектер форумы өтті. Тағылымы мол жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, оқу орнының бұрынғы ректорлары, әр кезеңде білім алған түлектер мен студенттер қатысты. Өңір басшысы өз сөзінде Дулати университетінің ел дамуына үлес қосып келе жатқан іргелі білім ордасы […]
Сообщение Таразда түлектер форумы өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.
Жамбыл облысында М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті ұйымдастырған «Дулати – білім ордасы. Болашаққа сеніммен қарайтын ұрпақтар сабақтастығы» атты түлектер форумы өтті. Тағылымы мол жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, оқу орнының бұрынғы ректорлары, әр кезеңде білім алған түлектер мен студенттер қатысты.
Өңір басшысы өз сөзінде Дулати университетінің ел дамуына үлес қосып келе жатқан іргелі білім ордасы екенін айрықша атап өтті. Оның айтуынша, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың сапалы білім алуына, ғылым мен инновацияны дамытуға тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Осы бағыттағы мемлекеттік саясат аясында Жамбыл өңірінде де жоғары білім мен ғылым саласын дамытуға, оқу орындарының әлеуетін күшейтуге және заман талабына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға басымдық берілуде.
Бүгінде университет халықаралық байланыстарын кеңейтіп, шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім және ғылыми жобаларды табысты жүзеге асыруда. Соның жарқын көрінісі ретінде 2024 жылдың қыркүйегінде Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалының ашылуын атауға болады.
Соңғы жылдары оқу орнының материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жаңартылып, заманауи зертханалар жабдықталып, цифрлық білім беру жүйелері енгізілді. Мұның бәрі студенттердің сапалы білім алып, кәсіби тұрғыдан шыңдалуына қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.
– Түлектер форумы – өткен мен бүгінді сабақтастыратын, тәжірибе мен тағылым тоғысатын маңызды алаң. Мұндай кездесулер жас буынға бағыт-бағдар беріп, оқу орны мен түлектер арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайта түседі. Осы қара шаңырақтан қанат қаққан азаматтар бүгінде мемлекеттік қызмет, білім мен ғылым, инженерия, ауыл шаруашылығы, өндіріс және кәсіпкерлік салаларында жемісті еңбек етіп, ел дамуына сүбелі үлес қосып келеді, – деді облыс әкімі.
Форум барысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жолдаған бейнеқұттықтау көпшілік назарына ұсынылды.
Сондай-ақ университеттің экс-ректорлары – техника ғылымдарының докторы Өскенбай Мәдиев, Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметқали Сарыбеков жүрекжарды лебіздерін білдіріп, университеттің қалыптасу жолы мен жетістіктеріне тоқталды.
Кездесу барысында әр жылдары осы оқу орнында білім алған түлектер студенттік кезеңнің жарқын естеліктерімен бөлісіп, ұстаздары мен университет ұжымына ризашылықтарын жеткізді.
Форум аясында «Dulaty Alumni Global» халықаралық платформасының тұсауы кесіліп, университеттің Endowment қоры салтанатты түрде іске қосылды. Бұл бастамалар оқу орны мен түлектер арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеріп, университеттің алдағы дамуына тың серпін беретіні сөзсіз.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Қызылордалық түлектерге арналған әкім гранты берілмейтін болды \ | 0 | 18.95 | 21-08-2026 |
| 2 | Жастардың болашағы-қоғамның болашағы | 0 | 17.22 | 10-08-2026 |
| 3 | «KIDS ATHLETICS» республикалық семинары өтті | 0 | 19.66 | 23-05-2026 |
| 4 | Жетістікке толы жыл | 0 | 30.35 | 25-05-2026 |
| 5 | Таразда «Жаңа медиа және болашақ» атты форум өтеді (ВИДЕО) | 0 | 17.98 | 12-12-2018 |
| 6 | Жамбыл облысында республикалық «Ұлттық мектеп лигасының» ашылу салтанаты өтті | 0 | 16.63 | 18-06-2026 |
| 7 | Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары | 0 | 19.68 | 12-12-2018 |
| 8 | Қазақстандық оқушы ЖИ көмегімен қатерлі ісікті ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты | 0 | 19.2 | 18-05-2026 |
| 9 | 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Ашық есік» дәрігерлік қабылдауы өтті | 0 | 18.04 | 02-06-2026 |
| 10 | Тараз қаласы тұрғындарының назарына! | 0 | 20.35 | 17-10-2018 |