Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Жетістікке толы жыл

Дата публикации: 25-05-2026 15:57:49


Елімізде 2025-2026 оқу жылының аяқталуы барлық мектептерінде сән-салтанатымен атап өтілді. Бұл кезең Қордай ауданындағы білім саласының жылдық қорытындысын шығарып, 26 792 оқушының оқуларын аяқтағанын көрсетті, оның ішінде 9 сыныпты 2 992, ал 11 сыныпты 1 537 оқушы тәмамдады. Оқушылардың арасынан 11 сыныптан 33 түлек – «Алтын белгі», 46 түлек Үздік аттестат, ал 9 сыныптан 141 […]
Сообщение Жетістікке толы жыл появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.


Основное содержимое страницы с новостью.

Жетістікке толы жыл

Елімізде 2025-2026 оқу жылының аяқталуы барлық мектептерінде сән-салтанатымен атап өтілді. Бұл кезең Қордай ауданындағы білім саласының жылдық қорытындысын шығарып, 26 792 оқушының оқуларын аяқтағанын көрсетті, оның ішінде 9 сыныпты 2 992, ал 11 сыныпты 1 537 оқушы тәмамдады. Оқушылардың арасынан 11 сыныптан 33 түлек – «Алтын белгі», 46 түлек Үздік аттестат, ал 9 сыныптан 141 оқушы Үздік аттестатқа ие болады деп жоспарлануда.
Аудандық білім бөліміне қарасты, «Келешек мектептері» ұлттық жобасының аясында салынған №54 орта мектебінде де оқу жылын аяқтауға арналған арнайы шара өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Ғалым Алимжанов, аудан зиялылар және ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Аудан әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы қатысушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында іске асырылған жаңа білім ордасының маңыздылығын атап өтті. Ол бұл мектептің өскелең ұрпақтың жарқын болашағына мол мүмкіндік беретінін, биыл алғаш 24 түлектің қанат қаққанын айтты. Салтанатты шара барысында оқушылар мен ұстаздардың жетістіктері туралы сөз қозғалып, мектеп ұжымы мен ата-аналарға алғыс білдірілді.
Бұл шара – тек өткен оқу жылын қо-рытындылап қоймай, еліміздегі білім беру жүйесінің жаңаша дамуын көрсетіп, келешек ұрпақтың білім алуына қосылған сүбелі үлес.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Білім гранты иегерлерінің тізімі шықты015.7407-08-2026
2Қызылордалық түлектерге арналған әкім гранты берілмейтін болды \018.9521-08-2026
3Мемлекеттік білім грантының нәтижесі қашан жарияланады014.4205-08-2026
4Аймақта «Келешек мектептері» жобасымен 7 білім нысаны салынған019.4428-05-2026
5Қазақстандық оқушы ЖИ көмегімен қатерлі ісікті ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты019.218-05-2026
6Жамбыл облысында республикалық «Ұлттық мектеп лигасының» ашылу салтанаты өтті016.6318-06-2026
7«KIDS ATHLETICS» республикалық семинары өтті019.6623-05-2026
8Таразда түлектер форумы өтті016.6329-05-2026
9Back to school: 4 million children to start academic year in Kazakhstan014.1517-08-2026
10Қазақстанның 500 мектебінде жасанды интеллекті енгізіле бастайды011.4826-05-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 30.35. Источник: zhambylnews.kz.