Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қызылордалық түлектерге арналған әкім гранты берілмейтін болды \

Дата публикации: 21-08-2026 11:50:31


Мектеп бітірген ұл-қызы мемлекеттік білім грантына ілінбей қалған қызылордалықтар үшін облыс әкімінің гранты үлкен қолдау еді. Алайда биыл ол берілмейтін болды. Ата-аналар тарапынан «неліктен?» деген сұрақ көбейген соң Kazinform тілшісі мұның себебін анықтады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлімдегендей, биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 160 грант пен жеңілдік (оның ішінде 100% […]
Сообщение Қызылордалық түлектерге арналған әкім гранты берілмейтін болды \ появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.


Основное содержимое страницы с новостью.

Қызылордалық түлектерге арналған әкім гранты берілмейтін болды \

Мектеп бітірген ұл-қызы мемлекеттік білім грантына ілінбей қалған қызылордалықтар үшін облыс әкімінің гранты үлкен қолдау еді. Алайда биыл ол берілмейтін болды.

Ата-аналар тарапынан «неліктен?» деген сұрақ көбейген соң Kazinform тілшісі мұның себебін анықтады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлімдегендей, биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 160 грант пен жеңілдік (оның ішінде 100% — 20, 50% — 10, 25% — 60, 10% — 70) және «Қазақстан халқына» қорынан 12 грант қарастырылған.

— Мұндай гранттар республикадағы жоғары оқу орындарындағы талапкерлер үшін де қарастырылған. Атап айтқанда, ректор гранттары бөлініп, «Қазақстан халқына» қоры тарапынан қажет мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына білім гранттары ұсынылып келеді. Осыған байланысты әлеуметтік қолдау шараларын біріздендіру нәтижесінде облыс әкімінің әлеуметтік осал санаттағы мектеп түлектеріне арналған білім гранты биылдан бастап тоқтатылды, — делінген хабарламада.

Басқарма гранттар мен жеңілдіктердің талабы туралы толық ақпарат алу үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінуге шақырды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне қосымша ректор грантына немесе босаған білім гранттарына оқуға түсіріп береміз» деген мазмұндағы түрлі жарнамалар мен хабарламалар тарады. Дегенмен, университет әкімшілігі мұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Білім гранты иегерлерінің тізімі шықты015.7407-08-2026
2Мемлекеттік білім грантының нәтижесі қашан жарияланады014.4205-08-2026
3Жетістікке толы жыл030.3525-05-2026
4Аймақта «Келешек мектептері» жобасымен 7 білім нысаны салынған019.4428-05-2026
5Таразда түлектер форумы өтті016.6329-05-2026
6Қазақстандық оқушы ЖИ көмегімен қатерлі ісікті ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты019.218-05-2026
7Азық-түлік сатып алар кездегі ақша үнемдеу жолдары017.4210-01-2024
8Жамбыл облысында республикалық «Ұлттық мектеп лигасының» ашылу салтанаты өтті016.6318-06-2026
91 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Ашық есік» дәрігерлік қабылдауы өтті018.0402-06-2026
10Үй жинауға аз уақыт кетірудің 4 әдісі018.8201-10-2025

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 18.95. Источник: zhambylnews.kz.