Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қазақстандық оқушы ЖИ көмегімен қатерлі ісікті ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты

Дата публикации: 18-05-2026 11:56:32


АҚШ-тың Phoenix қаласында Regeneron ISEF 2026 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік көрмесі аяқталды. Әлемдегі ең беделді ғылыми додаға биыл 60-тан астам елден 1700-ге жуық жас зерттеуші қатысты. Қазақстан атынан жеті оқушы бес ғылыми жобаны ұсынып, ел намысын қорғады. Байқау қорытындысында Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Арнұр Артықбай арнайы жүлделермен марапатталды. Ол «Машиналық оқыту негізінде қатерлі ісіктерді автоматты […]
Сообщение Қазақстандық оқушы ЖИ көмегімен қатерлі ісікті ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.


Основное содержимое страницы с новостью.

Қазақстандық оқушы ЖИ көмегімен қатерлі ісікті ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты

АҚШ-тың Phoenix қаласында Regeneron ISEF 2026 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік көрмесі аяқталды. Әлемдегі ең беделді ғылыми додаға биыл 60-тан астам елден 1700-ге жуық жас зерттеуші қатысты.

Қазақстан атынан жеті оқушы бес ғылыми жобаны ұсынып, ел намысын қорғады. Байқау қорытындысында Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Арнұр Артықбай арнайы жүлделермен марапатталды.

Ол «Машиналық оқыту негізінде қатерлі ісіктерді автоматты түрде анықтау жүйесі» атты ғылыми жобасымен MAWHIBA Foundation қорының 400 доллар көлеміндегі ақшалай сыйлығын және Сауд Арабиясының Король Фахд атындағы Мұнай және пайдалы қазбалар университетіне (KFUPM) білім беру грантын иеленді. Жоба жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы қатерлі ісіктерді ерте әрі дәл анықтауға бағытталған.

Regeneron ISEF — мектеп оқушылары арасындағы әлемдегі ең ірі ғылыми-инженерлік көрмелердің жетекші алаңы. Байқауды халықаралық ұйымдар мен ірі технологиялық компаниялар қолдайды. Солардың бірі — MAWHIBA Foundation қоры. Бұл ұйым Сауд Арабиясындағы дарынды балалар мен жас ғалымдарды қолдауға бағытталған және ғылым, технология мен инновация салаларындағы таланттардың халықаралық деңгейде дамуына мүмкіндік береді. Қазақстан бұл дүниежүзілік байқауға 1999 жылдан бері ұлттық серіктес ретінде тұрақты қатысып келеді.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Жетістікке толы жыл030.3525-05-2026
2Қызылордалық түлектерге арналған әкім гранты берілмейтін болды \018.9521-08-2026
3Білім гранты иегерлерінің тізімі шықты015.7407-08-2026
4Мемлекеттік білім грантының нәтижесі қашан жарияланады014.4205-08-2026
5«KIDS ATHLETICS» республикалық семинары өтті019.6623-05-2026
6Жамбыл облысында республикалық «Ұлттық мектеп лигасының» ашылу салтанаты өтті016.6318-06-2026
7Таразда түлектер форумы өтті016.6329-05-2026
8Казахстанские школьники вошли в десятку лучших на IOAI-202605.7812-08-2026
9Аймақта «Келешек мектептері» жобасымен 7 білім нысаны салынған019.4428-05-2026
10Казахстанские школьники завоевали 23 награды на международном чемпионате по робототехнике020.6626-08-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 19.2. Источник: zhambylnews.kz.