Қызылордада жазасын өтеп жатқан әйелдерге психологиялық қолдау көрсету мақсатында арт-терапия тренингі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Арт-терапия – адамның ішкі жан дүниесін шығармашылық арқылы ашуға мүмкіндік беретін психологиялық әдістердің бірі. Әсіресе сурет салу техникасы адамның эмоцияларын сыртқа шығарып, ішкі сезімдерін еркін жеткізуіне ықпал етеді. Осы бағыттағы тренингке №37 мекемеде жазасын өтеп жатқан әйелдер қатысты. Іс-шара […]
Қызылордада жазасын өтеп жатқан әйелдерге психологиялық қолдау көрсету мақсатында арт-терапия тренингі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Арт-терапия – адамның ішкі жан дүниесін шығармашылық арқылы ашуға мүмкіндік беретін психологиялық әдістердің бірі. Әсіресе сурет салу техникасы адамның эмоцияларын сыртқа шығарып, ішкі сезімдерін еркін жеткізуіне ықпал етеді.
Осы бағыттағы тренингке №37 мекемеде жазасын өтеп жатқан әйелдер қатысты. Іс-шара барысында орталық мамандары қатысушыларға түрлі шығармашылық тапсырмалар ұсынып, сурет салу арқылы өз көңіл-күйі мен ішкі сезімдерін бейнелеуге мүмкіндік берді.
Қатысушылар түрлі түстер мен бейнелеу элементтерін пайдалана отырып, өмірге деген көзқарасын, көңіл күйін және жан дүниесіндегі сезімдерін қағаз бетіне түсірді. Мамандардың айтуынша, арт-терапия әдісі әйелдердің өз эмоцияларын жақсырақ тануына, ішкі күйзелісті жеңілдетуіне және еркін қарым-қатынас орнатуына оң әсер етеді.
Сонымен қатар тренинг барысында жазасын өтеуші әйелдер арасында ашық диалог ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойлары мен сезімдерімен еркін бөлісті.
- Сурет салу арқылы ішкі жан дүниемдегі сезімдерімді жеткіздім. Арт-терапия ойымды тыныштандырып, жақсы нәрселерге көңіл бөлуге көмектесті, – деді сотталған әйелдердің бірі.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде | 0 | 16.2 | 14-08-2026 |
| 2 | Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті | 0 | 17.78 | 14-08-2026 |
| 3 | Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді | 0 | 15.09 | 15-08-2026 |
| 4 | Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет? | 0 | 18.89 | 14-08-2026 |
| 5 | Қостанайда жас жол инспекторлары жасақтарының XXI республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті | 0 | 16.56 | 14-08-2026 |
| 6 | Атырауда полицейлер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді | 0 | 17.61 | 15-08-2026 |
| 7 | Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды | 0 | 16.76 | 14-08-2026 |
| 8 | Атырау облысы ПД бастығы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмысын тексерді | 0 | 16.25 | 15-08-2026 |
| 9 | В ИК-3 для осужденных прошло занятие с использованием арт-терапии | 0 | 12.36 | 12-08-2026 |
| 10 | В Кызылординской области Казахстана ведется контртеррористическая операция | 0 | 0 | 06-01-2022 |